https://sputnik.kz/20230901/aqmola-oblysynda-12-adam-sibir-zharasyn-zhuqtyrgan-38094781.html
Ақмола облысында 12 адам сібір жарасын жұқтырған
Ақмола облысында 12 адам сібір жарасын жұқтырған
Sputnik Қазақстан
Науқастардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар 01.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-01T08:39+0500
2023-09-01T08:39+0500
2023-09-01T09:15+0500
ақмола облысы
жұқпалы дерт
https://sputnik.kz/img/old/1225/49/12254949_0:129:2899:1759_1920x0_80_0_0_064421592abcf753cfecf9ea38744d53.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 12 адам ауруханаға жатқызылды. Аса қауіпті кесел тұрғындарға малдан жұққан. Сондықтан Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылы карантинге жабылды, деп хабарлайды КТК.Үшқарасу ауылынан Есіл ауданы ауруханасына жеткізілген 12 адамның денесіндегі жара мен басқа да белгілеріне қарап дәрігерлер бірден сібір жарасы болуы мүмкін деп күдіктенген. Бірден сараптама жасап тексергенде, бәрінен күйдіргі дерті табылыпты. Науқастардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар. Олардың жағдайы орташа ауыр деп отыр дәрігерлер. Мал дәрігерлері адам ауырғаннан кейін ғана қозғалыпты. Ауылдағы "Үшқарасу" серіктестігінде осыдан екі апта бұрын 20 бас ірі-қара арам қатқан. Шаруашылық қожайыны бірден мал дәрігерлеріне хабар беріпті. Бірақ ветеринарлар аша тұяқтылар өрістегі гербицидтен уланды деген диагноз қойыған. Сондықтан мал иесі ауру ірі қараның етін жұмысшыларына таратып беріп, бәрі қуырдақ жасап жеген."Малдан алынған сараптама Астанадағы ветеринария ұлттық сараптама орталығына жіберіліп тексерілді. Сараптама малдың сібір жарасымен ауырғанын анықтады. Серіктестіктегі 600 бас қара мал көктемде сібір жарасына қарсы егілген. Қазір Үшқарасу ауылы карантинге жабылды. Дезинфекциялық, карантин шарасы жүргізіліп жатыр", - деді Ақмола облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жанат Оспанов.
https://sputnik.kz/20230831/qazaqstannyn-eki-oblysynda-sibir-zharasy-anyqtaldy-38075238.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1225/49/12254949_191:0:2707:1887_1920x0_80_0_0_70e0fe16d8eae190fb2f985f054757fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жұқпалы дерт
ақмола облысы, жұқпалы дерт
Ақмола облысында 12 адам сібір жарасын жұқтырған
08:39 01.09.2023 (жаңартылды: 09:15 01.09.2023) Науқастардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 12 адам ауруханаға жатқызылды. Аса қауіпті кесел тұрғындарға малдан жұққан. Сондықтан Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылы карантинге жабылды, деп хабарлайды
КТК. Үшқарасу ауылынан Есіл ауданы ауруханасына жеткізілген 12 адамның денесіндегі жара мен басқа да белгілеріне қарап дәрігерлер бірден сібір жарасы болуы мүмкін деп күдіктенген. Бірден сараптама жасап тексергенде, бәрінен күйдіргі дерті табылыпты. Науқастардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар.
Олардың жағдайы орташа ауыр деп отыр дәрігерлер. Мал дәрігерлері адам ауырғаннан кейін ғана қозғалыпты. Ауылдағы "Үшқарасу" серіктестігінде осыдан екі апта бұрын 20 бас ірі-қара арам қатқан. Шаруашылық қожайыны бірден мал дәрігерлеріне хабар беріпті. Бірақ ветеринарлар аша тұяқтылар өрістегі гербицидтен уланды деген диагноз қойыған. Сондықтан мал иесі ауру ірі қараның етін жұмысшыларына таратып беріп, бәрі қуырдақ жасап жеген.
"Малдан алынған сараптама Астанадағы ветеринария ұлттық сараптама орталығына жіберіліп тексерілді. Сараптама малдың сібір жарасымен ауырғанын анықтады. Серіктестіктегі 600 бас қара мал көктемде сібір жарасына қарсы егілген. Қазір Үшқарасу ауылы карантинге жабылды. Дезинфекциялық, карантин шарасы жүргізіліп жатыр", - деді Ақмола облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Жанат Оспанов.