https://sputnik.kz/20231111/arselormittal-temirtau-qaza-tapqan-41-kenshinin-otbasyna-aqsha-audardy-40099380.html
"АрселорМиттал Теміртау" қаза тапқан 41 кеншінің отбасына ақша аударды
"АрселорМиттал Теміртау" қаза тапқан 41 кеншінің отбасына ақша аударды
Sputnik Қазақстан
Кәмелет жасқа толмаған баласы бар отбасыларға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалды 11.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-11T11:36+0500
2023-11-11T11:36+0500
2023-11-11T11:41+0500
қоғам
шахта
отбасы
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39718527_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a46d9966e2616c53cb6ea0ae07278ac6.jpg
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 41 кеншінің отбасына бір жылдық жалақының 10 еселенген мөлшерін төлеп берді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімнің айтуынша, 46 отбасы зейнетақы қорынан жерлеуге бір реттік төлем рәсімдеді.Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.Осы апаттан кейін президент "АрселорМитталмен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Үкімет компанияны Қазақстан пайдасына беру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20231101/smayylov-shakhtadagy-apat-turaly-sheneunikter-de-zhauapqa-tartylady-39826490.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39718527_180:0:1140:720_1920x0_80_0_0_7f1e62b5033a673112788f198cfe2ccd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, отбасы
"АрселорМиттал Теміртау" қаза тапқан 41 кеншінің отбасына ақша аударды
11:36 11.11.2023 (жаңартылды: 11:41 11.11.2023) Кәмелет жасқа толмаған баласы бар отбасыларға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалды
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 41 кеншінің отбасына бір жылдық жалақының 10 еселенген мөлшерін төлеп берді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әкімнің айтуынша, 46 отбасы зейнетақы қорынан жерлеуге бір реттік төлем рәсімдеді.
"Кәмелет жасқа толмаған баласы бар 20 отбасыға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалды", - деді Бөлекпаев арнайы брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Осы апаттан кейін президент "АрселорМитталмен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Үкімет компанияны Қазақстан пайдасына беру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.