Смайылов шахтадағы апат туралы: Шенеуніктер де жауапқа тартылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Жазылу
Премьер-министр Костенко атындағы шахтада 46 адам қаза тапқан қайғылы оқиғаны тергеу барысы туралы айтты
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. 46 адамдың өмірін жалмаған Қарағанды ​​облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты шенеуніктер де жауапкершілікке тартылады,деді министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов.
Премьер-министр журналистің "әкімдер мен басқа да шенеуніктер жауапкершілікке тартыла ма?" деген сауалына жауап бере келе, Қазақстанда соңғы жылдары мұндай бірнеше төтенше жағдай болғанын еске салды.
"Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлілердің барлығы жауапқа тартылады. Өткен жылы қараша айында төрт кенші қаза тапты. Барлық тергеу аяқталып, сотталушылар материалдармен танысып жатыр. Тамыз айында 5 кенші қаза тапты, тергеу әлі жалғасып жатыр", - деді Смайылов мәжілісте БАҚ-қа арналған брифингте.
Костенко атындағы шахтадағы соңғы дерек бойынша да барлық жауапты тұлға тергеуге алынған.
"Шенеуніктер де жауапқа тартылады. Біз үкімет ретінде бұл қайғылы оқиғаларға жауапты екеніміздітүсінеміз. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және кешірім сұраймыз", - деді Смайылов.
28 қазанға қараған түні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада метан жарылып, салдарынан 46 кенші көз жұмды. Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Премьер-министрдің төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.
Қазақстан парламенті мәжілісінің жалпы отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2023
Қарағанды шахтасындағы апат: мәжіліс депутаттары мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0