https://sputnik.kz/20231110/eks-ministr-bishimbaev-is-adam-oltiru-baby-40085820.html
Экс-министр Бишімбаев ұсталды: іс "адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр
Экс-министр Бишімбаев ұсталды: іс "адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Сотта Бишімбаевтың кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін 10.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-10T16:33+0500
2023-11-10T16:33+0500
2023-11-10T16:34+0500
қоғам
қуандық бишімбаев
әйел
https://sputnik.kz/img/363/40/3634079_0:95:2016:1229_1920x0_80_0_0_3bbb005960b2809a96c5766794a60577.jpg
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.Қылмыстық кодекстің бұл бабы "Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" деп аталады. Ол бойынша 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.Кеше, 9 қарашада бірқатар БАҚ Астанадағы мейрамханалардың бірінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі көз жұмғанын хабарлады. Астана полициясы марқұм соққыға жығылғанын және алған жарақатынан қаза болғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол күні ұстаған, бірақ оның аты-жөні аталмады.Бүгін, 10 қарашада ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов осы факті бойынша бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 2018 жылы жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға сотталған болатын. Алайда бір жылдан кейін түрмеден шықты.Елді дүрліктірген қайғылы оқиғадан кейін 10 қарашада Шымкент соты Бишімбаевтың неге тым тез бостандыққа шыққанын түсіндірді. Олардың ақпаратынша, 2019 жылы президент жарлығымен Бишімбаев кешіріліп, жаза мерзімі 4 жылға дейін қысқартылған. Бұдан соң экс-министр шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.Бишімбаев 2019 жылы 11 қазанда бостандыққа шықты. Жаза мерзімі 2021 жылы 9 қаңтарда аяқталған.
https://sputnik.kz/20231109/ayelin-oltirdi-degen-kudikpen-quandyq-beshimbaev-ustaldy---baq-40069747.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/40/3634079_126:0:1890:1323_1920x0_80_0_0_bc00f6de2619cb3a1b035a0c133f14cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, әйел
Экс-министр Бишімбаев ұсталды: іс "адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр
16:33 10.11.2023 (жаңартылды: 16:34 10.11.2023) Сотта Бишімбаевтың кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
"Елордалық полиция департаменті Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тиісті тергеу жұмыстарын жүргізуде", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің бұл бабы "Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" деп аталады. Ол бойынша 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Кеше, 9 қарашада бірқатар БАҚ Астанадағы мейрамханалардың бірінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі көз жұмғанын хабарлады. Астана полициясы марқұм соққыға жығылғанын және алған жарақатынан қаза болғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол күні ұстаған, бірақ оның аты-жөні аталмады.
Бүгін, 10 қарашада ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов осы факті бойынша бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 2018 жылы жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға сотталған болатын. Алайда бір жылдан кейін түрмеден шықты.
Елді дүрліктірген қайғылы оқиғадан кейін 10 қарашада Шымкент соты Бишімбаевтың неге тым тез бостандыққа шыққанын түсіндірді. Олардың ақпаратынша, 2019 жылы президент жарлығымен Бишімбаев кешіріліп, жаза мерзімі 4 жылға дейін қысқартылған. Бұдан соң экс-министр шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.
Бишімбаев 2019 жылы 11 қазанда бостандыққа шықты. Жаза мерзімі 2021 жылы 9 қаңтарда аяқталған.