Әйелін ұрып өлтірген: ІІМ экс-министр Бишімбаевтың ұсталғанын растады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаева
Қуандық Бишімбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2023
Жазылу
Бұрынғы министрдің оқиға кезінде есірткі шегіп-шекпегені әзірге белгісіз, құқық қорғау органдары бұған қатысты түсініктеме берген жоқ
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Астанада әйелін соққыға жығып, өлтірген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өздеріңіз білесіздер, ол ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалғанын мен жария ете алмаймын", - деді Сәрсенов журналистердің сұрағына жауап беру барысында.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері "ешқандай шара қабылдамағаны үшін мейрамхана қызметкерлері жауапкершілікке тартылуы керек пе" деп сұрады.
"Қазір тергеу департаментінің қызметкерлері осы іспен айналысып жатыр. Кейін олар сіздерге қосымша ақпарат береді деп ойлаймын", - деп қысқа қайырды ІІМ басшысының орынбасары.
Сәрсенова күдіктінің оқиға кезінде есірткі шегіп-шекпегенін нақтыламады. Тергеу шаралары аясында түсініктеме бере алмайтынын айтты.
Кеше бірқатар БАҚ елордадағы мейрамханалардың бірінде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі көз жұмғанын хабарлады. Астана полициясы марқұм соққыға жығылғанын және алған жарақатынан қаза болғанын растады. Күдікті ұсталған, бірақ тәртіп сақшылары оның есімін атамады.
Бишімбаев 2018 жылы пара алғаны және ақша жымқырғаны үшін 10 жылға сотталған болатын, алайда бір жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Куандык Бишимбаев приговорен к 10 годам колонии   - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Әйелін өлтірді деген күдікпен Қуандық Бишімбаев ұсталды - БАҚ
Жаңалықтар
0