https://sputnik.kz/20231109/toqaev-putinge-saparynyzdyn-sayasi-zhane-tarikhi-mani-zor-40054081.html
Тоқаев Путинге: сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор
Тоқаев Путинге: сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор
Sputnik Қазақстан
Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T15:46+0500
2023-11-09T15:46+0500
2023-11-09T15:46+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40052959_0:18:3576:2030_1920x0_80_0_0_4f70482ac4e59e54d564f89f77ab1891.jpg
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді.Тоқаев Путиннің сапары екіжақты қатынастар жылнамасындағы маңызды оқиға екенін атап өтті."Сіз Қазақстанға ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз. Құжатқа 2013 жылы 11 қараша күні Екатеринбургте қол қойылғанын еске салғым келеді. Бұл – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының маңызды құқықтық негізі саналатын әрі көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтуға жол ашатын жан-жақты құжат. Сізді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сапарыңыздың аталған датамен тұспа-тұс келгені өте жақсы болды. Жалпы, бүгін айтқанымдай, сіздің сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор", – деді Тоқаев Ақордада өткен шағын құрамдағы кездесуде.Екі ел президенттері халықаралық ахуалдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.Мемлекет басшысы екі халық арасындағы берік достық байланыстарға, ортақ тарих пен тату көршілік қатынастарға мән бере отырып, Қазақстан мен Ресейдің барлық бағыттағы ықпалдастығының табысты дамып келе жатқанын мәлімдеді.Тоқаевтың айтуынша, соңғы 3 жылда тауар айналымының көлемі 30 пайыздан астам өсті және бұл оң үрдіс жалғасуда. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 17 миллиард долларды құрады. Бұл да – рекордтық көрсеткіш."Өнеркәсіптік кооперация қарқынды дамып жатыр. Осы орайда ауыз толтырып айтарлықтай цифрлар бар. Атап айтқанда, жалпы сомасы 33 миллиард доллардан асатын 143 жоба жүзеге асырылуда. Оның 140 жобасы Қазақстан аумағында орналасқан", - деді Тоқаев.Сондай-ақ президент Ресей Қазақстандағы шетелдік капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы екенін айтты. Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген. Ресей Федерациясынан тартылған тікелей инвестиция, Қазақстанның бағалауы бойынша, 20 миллиард доллардан асты."Соңғы екі жылда шамамен 3,5 миллиард доллар инвестиция салынды. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге құйған инвестиция көлемі 6 миллиард долларға жетті. Мұның екіжақты процесс екені қуантады. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде ілгерілеп келеді. Еліміздің аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытайға, сондай-ақ газын Өзбекстанға тасымалдау жөніндегі уағдаластықтар энергетика саласындағы ықпалдастықты мүлде жаңа деңгейге көтерді", – деді Қазақстан басшысы.Президент Қостанай қаласында өтіп жатқан XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол қойылатын келісімдер мен бизнес келісімшарттары облыстарда ғана емес, екі ел экономикасының көптеген саласында да мол әлеует бар екенін көрсететініне сенім білдірді.Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Президенттер Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.
https://sputnik.kz/20231109/toqaev-pen-putin-aqordada-kezdesti-40034500.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40052959_423:0:3154:2048_1920x0_80_0_0_a602174f012b875720172ffbbcfe8593.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин
Тоқаев Путинге: сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор
Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Тоқаев Путиннің сапары екіжақты қатынастар жылнамасындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Сіз Қазақстанға ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз. Құжатқа 2013 жылы 11 қараша күні Екатеринбургте қол қойылғанын еске салғым келеді. Бұл – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының маңызды құқықтық негізі саналатын әрі көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтуға жол ашатын жан-жақты құжат. Сізді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сапарыңыздың аталған датамен тұспа-тұс келгені өте жақсы болды. Жалпы, бүгін айтқанымдай, сіздің сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор", – деді Тоқаев Ақордада өткен шағын құрамдағы кездесуде.
Екі ел президенттері халықаралық ахуалдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы екі халық арасындағы берік достық байланыстарға, ортақ тарих пен тату көршілік қатынастарға мән бере отырып, Қазақстан мен Ресейдің барлық бағыттағы ықпалдастығының табысты дамып келе жатқанын мәлімдеді.
Тоқаевтың айтуынша, соңғы 3 жылда тауар айналымының көлемі 30 пайыздан астам өсті және бұл оң үрдіс жалғасуда. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 17 миллиард долларды құрады. Бұл да – рекордтық көрсеткіш.
"Өнеркәсіптік кооперация қарқынды дамып жатыр. Осы орайда ауыз толтырып айтарлықтай цифрлар бар. Атап айтқанда, жалпы сомасы 33 миллиард доллардан асатын 143 жоба жүзеге асырылуда. Оның 140 жобасы Қазақстан аумағында орналасқан", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент Ресей Қазақстандағы шетелдік капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы екенін айтты. Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген. Ресей Федерациясынан тартылған тікелей инвестиция, Қазақстанның бағалауы бойынша, 20 миллиард доллардан асты.
"Соңғы екі жылда шамамен 3,5 миллиард доллар инвестиция салынды. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге құйған инвестиция көлемі 6 миллиард долларға жетті. Мұның екіжақты процесс екені қуантады. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде ілгерілеп келеді. Еліміздің аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытайға, сондай-ақ газын Өзбекстанға тасымалдау жөніндегі уағдаластықтар энергетика саласындағы ықпалдастықты мүлде жаңа деңгейге көтерді", – деді Қазақстан басшысы.
Президент Қостанай қаласында өтіп жатқан XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында қол қойылатын келісімдер мен бизнес келісімшарттары облыстарда ғана емес, екі ел экономикасының көптеген саласында да мол әлеует бар екенін көрсететініне сенім білдірді.
Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Президенттер Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.