Тоқаев пен Путин Ақордада кездесті

© Sputnik / Владислав Воднев Ақорданың баспасөз қызметі
 Ақорданың баспасөз қызметі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Жазылу
Мемлекет басшысы ресейлік әріптесін бүгін таңертең елорда әуежайында күтіп алған еді
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дәстүрге сай президент резиденциясы залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдірді.
Осыдан кейін Тоқаев пен Путин Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады деп күтілуде.
Айта кетері, биылғы форум ауыл шаруашылығы саласына арналған. Форум жұмысына 500-ден астам адам, атап айтқанда, Ресей Федерациясының 12 облысы және Қазақстанның 8 облысының өкілдері қатысады.
Форумның пленарлық отырысынан кейін екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сапар қорытындысы бойынша Путин мен Тоқаев БАҚ өкілдері үшін сөз сөйлейді.
Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін елорда әуежайында қарсы алды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биылғы сегіз айда 17 млрд долларға сауда жасасқан. Бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы мәміле көлемінен 1,1%-ке артық.
Официальная встреча президентов Казахстана и России в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2023
Путин мен Тоқаевтың Астанадағы ресми кездесуі – тікелей эфир
Жаңалықтар
0