Шанхайдағы көрменің алғашқы екі күнінде Қазақстан 74 млн долларға келісімшарт жасады

© Photo : пресс-служба АО "НК "Казахстан темир жолы" Жүк вагондары
Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
Қытайға май өнімдері, құрғақ сүт, бал, сондай-ақ жемдік ұн жеткізіледі
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Шанхайда 5-10 қараша аралығында Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) өтеді. Қазақстандық компаниялар ынтымақтастық туралы үш меморандумға және жалпы сомасы 74 млн доллар болатын 15 экспорттық келісімшартқа қол қойып үлгерді, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Отандық тауар өндірушілер қытайлық серіктестерімен май өнімдерін, құрғақ сүт, бал, сондай-ақ жемдік ұн жеткізу туралы келісті.
Келісімдерге қол қою рәсімінде сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, Қазақстан сапалы экологиялық таза өнім жеткізуге кепілдік береді.
Қытайдың халықаралық көрмесі аясында Азық-түлік корпорациясы мен C.P.TRADING CO. LTD арасында Қытайға жақын арада 200 мың тонна астық жеткізу туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарланған.
1718 отандық кәсіпорын Қазақстаннан Қытайға өнім экспорттайды. Оның 1629-ы өсімдік шаруашылығы, 86-сы мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдайды.
Елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 798,9 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (462,6 млн доллар) 72,7%-ға жоғары.
Қазіргі таңда Қытай нарығына өсімдік және мал шаруашылығыөнімдерінің24 түрін экспорттау туралы хаттамаларға қол қойылды.
Премьер Казахстана осмотрел национальные павильоны на выставке в Шанхае - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2023
Шанхайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан не ұсынды
Жаңалықтар
0