Шанхайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан не ұсынды
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Премьер Казахстана осмотрел национальные павильоны на выставке в Шанхае
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жазылу
Қазақстан Шанхайда өткен ауқымды көрмеде өзінің инвестициялық, сауда және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырды
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Шанхайда Қытайдың 6-шы халықаралық импорт көрмесі өтті. Қазақстан ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, экспорт және инновация салаларындағы компаниялар мен жобаларын ұсынды, деп хабарлайды премьер-министр сайты.
Австралия, Қытай, Куба және Сербия үкіметтерінің басшыларына Қазақстан астық, май және басқа да азық-түлік өнімдерінің экспорттық әлеуеті, келешегі зор инвестициялық жобалар, теміржол бағыттарының желісі және туристік көрікті жерлерін таныстырды.
"Бүгінде еліміз бен ҚХР арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін экспорттау бойынша 21 хаттамаға қол қойылды, бұл агроөнеркәсіп тауарларын Қытайға жеткізуді едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте Қазақстан Қытай нарығына экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты көлемін кеңейте алады. Тек өсімдік майы мен күнжара бойынша экспорттық әлеует $300 млн-ды құрайды", — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Қазақстан мен Қытай арасында сауда логистикасы да табысты дамып келеді. Мысалы, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" транзиттік жол дәлізі жүктерді Еуропаға 10-12 күнде жеткізуге мүмкіндік береді. Қазақстанда алдағы үш жылда 1300 шақырым жаңа теміржол салу, Қытаймен шекарада 3-ші теміржол өткізу пунктін ашу, "Бақты" және "Қалжат" жаңа құрғақ порттарын салу жоспарланып отыр.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Премьер Казахстана осмотрел национальные павильоны на выставке в Шанхае
Премьер Казахстана осмотрел национальные павильоны на выставке в Шанхае
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Көрмеде "Агроөнеркәсіптен инновацияға дейін" коммерциялық павильоны аясында көрмеге 30-дан астам қазақстандық кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Тұздан бастап, құрғатылған түйе сүтінен дейін азық-түліктің бар түрі бар. Қазақстандық кәсіпкерлер де халықаралық көрменің арқасында бизнесті жандандыра аламыз дейді.
Соның бірі - "Евразия Инвест" көрмеге алтын жыл қатарынан өз өнімдерін – кептірілген түйе және бие сүтін ұсынып отыр. Компания өкілі Меруерт Рахымбердиева ЭКСПО көрмесінің арқасында компания Қытайда тұрақты серіктестермен іскерлік байланыс орнатты.
"Қытайда түйе сүтіне сұраныс жоғары. Қытайлық тұтынушылар өнім сапасына жоғары талаптар қояды. Неміс кептіру технологиясы сүттің барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға және өнімнің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деді ол.
Жалпы соңғы 5 жылда Қытайдың халықаралық импорт көрмесіне Қазақстаннан 133 компания қатысып, соның арқасында құны $260 млн-нан астам сомаға тиімді экспорттық келісімшарттар жасалды.
Айта кетейік, Қытайдың халықаралық импорт көрмесі ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен жыл сайын 5-10 қараша аралығында өткізіледі. Көрменің негізгі мақсаты – сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру, сондай-ақ шетелдік тауарлар мен қызметтер үшін Қытай нарығын ашу. Сарапшылар мұны Қытайға "терезе" деп атайды. Биылғы көрмеге 69 ел мен 3000 компания қатысты.