https://sputnik.kz/20231107/qazaqstan-reseydin-qorasy-emes--zhumangarin-39974735.html
Қазақстан Ресейдің қорасы емес – Жұманғарин
Қазақстан Ресейдің қорасы емес – Жұманғарин
Sputnik Қазақстан
Вице-премьер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу Қазақстанға несімен тиімді екенін айтты 07.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-07T13:17+0500
2023-11-07T13:17+0500
2023-11-07T13:17+0500
еаэо
серік жұманғарин
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/06/13/36111784_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_9fe061daa4daa49491c76cc6bb5d819d.jpg
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин "Қазақстан ешкімнің қорасы емес" деп мәлімдеді.Жуырда Франция президенті Эмманюэль Макронның Астанаға сапары қарсаңында Bloomberg агенттігі "Қазақстанды Ресейдің қорасы" деп атаған еді. Үкіметте өткен брифингте журналистер вице-премьерден осыған түсініктеме беруді сұрады.Ол Еуразия кеңістігінде көрші елдермен көптеген мәселе шешімін табатынын атап өтті. Мәселен, Мәскеуден Түркістанға тікелей рейс ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Челябі мен Новосібірге Qazaq Air рейстері ашылатын болды."Қазақстанға бұл несімен жаман? Батысқа жаңа өткізу бекеттері арқылы темір кені шикізаты барады деп келістік. Қазір Ресей балтық маңы порттары арқылы біздің көмірге жеңілдік жасау жағын қарастырады. Ағаш бойынша қосымша төрт өткізу пунктін ашуға, ал болашақта шектеуді мүлдем алып тастауға, навигациялық пломбалар қоюға уағдаластық. Мұның бәрі – біздің күнделікті сауда-экономикалық қызметіміздің мәселелері", – деді вице-премьер.Жұманғарин Еуразия кеңістігінде Қазақстанның мүддесі бәрінен биік тұратынын атап өтті."Ешкім артқа қадам жасамайды. Біздің арамызда қора да, үшінші сортты адамдар да жоқ", – деді сауда министрі.
https://sputnik.kz/20231107/vitse-premer-putinnin-sapary-zhayly-aldymen--ekonomika-keyin--sayasat-39972168.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/13/36111784_53:0:1190:853_1920x0_80_0_0_6c9a9762daef5e7ac97df80277ef5638.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, серік жұманғарин, қазақстан, ресей
еаэо, серік жұманғарин, қазақстан, ресей
Қазақстан Ресейдің қорасы емес – Жұманғарин
Вице-премьер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу Қазақстанға несімен тиімді екенін айтты
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин "Қазақстан ешкімнің қорасы емес" деп мәлімдеді.
Жуырда Франция президенті Эмманюэль Макронның Астанаға сапары қарсаңында Bloomberg агенттігі "Қазақстанды Ресейдің қорасы" деп атаған еді. Үкіметте өткен брифингте журналистер вице-премьерден осыған түсініктеме беруді сұрады.
"Қазақстан ешкімнің қорасы емес. Бұл – көпжылдық тарихы бар тәуелсіз мемлекет, мәңгілік ел. Мұның бәрі – бос әңгіме", – деді Жұманғарин.
Ол Еуразия кеңістігінде көрші елдермен көптеген мәселе шешімін табатынын атап өтті. Мәселен, Мәскеуден Түркістанға тікелей рейс ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Челябі мен Новосібірге Qazaq Air рейстері ашылатын болды.
"Қазақстанға бұл несімен жаман? Батысқа жаңа өткізу бекеттері арқылы темір кені шикізаты барады деп келістік. Қазір Ресей балтық маңы порттары арқылы біздің көмірге жеңілдік жасау жағын қарастырады. Ағаш бойынша қосымша төрт өткізу пунктін ашуға, ал болашақта шектеуді мүлдем алып тастауға, навигациялық пломбалар қоюға уағдаластық. Мұның бәрі – біздің күнделікті сауда-экономикалық қызметіміздің мәселелері", – деді вице-премьер.
Жұманғарин Еуразия кеңістігінде Қазақстанның мүддесі бәрінен биік тұратынын атап өтті.
"Ешкім артқа қадам жасамайды. Біздің арамызда қора да, үшінші сортты адамдар да жоқ", – деді сауда министрі.