Вице-премьер Путиннің сапары жайлы: алдымен – экономика, содан кейін – саясат

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өту Визит президента РФ Владимира Путина в Китай для участия в мероприятиях третьего Международного форума "Один пояс, один путь"

Визит президента РФ Владимира Путина в Китай для участия в мероприятиях третьего Международного форума Один пояс, один путь - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы – 27 млрд доллар
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары барысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, өңіраралық ынтымақтастық форумында ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығындағы жастар және тағы басқа мәселелер қозғалады.
"Бұл жерде таза экономикалық және сауда қарым-қатынастарын ғана талқылаймыз. Мен бұл екі елге де пайдалы деп санаймын. Алдымен – экономика, кейін – саясат. Бізде Ресеймен тауар айналымы – 27 млрд доллар", – деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Вице-премьер биыл өңіраралық форумға 20 жыл толатынын еске салды. Форумда екі ел тұрғындары мен бизнесінің проблемалары талқыланады.
Жұманғарин қазіргі таңда Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін атап өтті. Егер былтыр экспорт 9 млрд доллар болса, биыл оның көлемі өсіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Главы государств на саммите СВМДА в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2023
Путин Астанаға 9 қарашада келеді
Жаңалықтар
0