Атырау мұнай зауытындағы жөндеу жұмысының Астанадағы автогаз тапшылығына әсері жоқ

© Photo : Пресс-служба АО НК "КазМунайГаз"Хранилища сжиженного газа
Хранилища сжиженного газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
Павлодар мұнай өңдеу зауыты қараша айында жоспарға сәйкес елорда тұтынушыларына 472 тонна сұйытылған газ жеткізуі тиіс
АСТАНА, 7 қараша - Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысы Астанадағы автогаз құю бекеттеріндегі жағдайға еш әсер етпейді, деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы.
"Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары Астана қаласының сұйытылған мұнай газы нарығына әсер етпейді, өйткені зауыт отынның осы түрімен бұрыннан тек Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұтынушыларын қамтамасыз етіп келеді", - делінген компания хабарламасында.
"ҚазМұнайГаздыі" мәліметінше, энергетика министрлігі бекіткен тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарына сәйкес, биыл қазан айында Астана қаласының қажеттіліктерін өтеу үшін 7 452 тонна, оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауытынан 1 980 тонна және СНПС-Ақтөбемұнайгаз-дан (ҚазМұнайГаз тобына кірмейді) 5 472 тонна отын бөлінді.
Аталған көлем Павлодар мұнай-химия зауытынан толық жеткізілді. Астана тұрғындарының қажеттілігі үшін сұйытылған мұнай газы Атырау мұнай өңдеу зауытынан бұрыннан жөнелтілмейді", - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз".
Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, Павлодар зауытында сұйытылған мұнай газы өндірісі жоспарға сай жүріп жатыр.
"Газ жөнелту қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес және жергілікті атқарушы органдар ұсынған тұтынушылар тізіміне сай жүргізіледі", - делінген компания тапратқан хабарламада.
Павлодар мұнай өңдеу зауыты қараша айында жоспарға сәйкес елорда тұтынушыларына жеткізілетін жалпы 8500 тонна сұйытылған газ көлемінің 472 тоннасын жеткізуі тиіс.
Ситуация на АЗС после повышения цен на бензин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Астанада автогаз тапшылығы қашан шешіледі – әкімдік мерзімін атады
Жаңалықтар
0