Астанада автогаз тапшылығы қашан шешіледі – әкімдік мерзімін атады

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация на АЗС после повышения цен на бензин
Ситуация на АЗС после повышения цен на бензин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2023
Жазылу
Газ құю станциялары талондық жүйені енгізді
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Астана қаласының әкімдігі автогаз тапшылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның салдарынан Астанада автогаз тапшылығы туындады. Ал газ құю станциялары талондық жүйені енгізді.
"6 қарашадағы жағдай бойынша қалада газ қалдығы 900 тоннаны құрайды, жолда келе жатқаны – 1476,3 тонна. Соның ішінде 6 қарашада 9 вагон (324 тонна) жеткізілді, 7 қарашада 16 вагон (576 тонна) жеткізіледі. Бүгіннен бастап "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ зауыты 25 вагон (900 тонна) газ, 8 қарашада 15 вагон (540 тонна) сұйытылған газ көлемін жөнелтуді бастайды", - делінген ресми хабарламада.
Газ тапшылығы мәселесі шешілмейінше талондық жүйе сақтала береді.
"Қазіргі уақытта мәселе тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында, шектеулерді кезең-кезеңімен бір апта ішінде алып тастау жоспарланып отыр", - дейді әкімдік мамандары.
Жаңалықтар
0