https://sputnik.kz/20231106/gaza-sektorynda-76-qazaqstandyq-qaldy--sim-39955918.html
Газа секторында 76 қазақстандық қалды – СІМ
Газа секторында 76 қазақстандық қалды – СІМ
Sputnik Қазақстан
СІМ ақпаратынша, қазақстандықтар белгілі бір себептерге байланысты елге ұшып шығуға дайын емес 06.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-06T16:05+0500
2023-11-06T16:05+0500
2023-11-06T16:07+0500
палестина
израиль
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39175003_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_2baffe3a481e5a357ed0bd8b452b8204.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар, отбасы мүшелерімен қоса санағанда 161 адам. Египет тарапынан да, Израиль тарапынан да шетелдіктердің отбасы мүшелерімен шығуына белгілі бір талаптар қойылады. Осыған байланысты біздің азаматтарымыз Қазақстанға жақындарын тастап ұшып шығуға дайын емес", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.Айтуынша, Қазақстан өз отандастарын елге жеткізуге толығымен дайын.Смадияровтың айтуынша, 4 қарашадан бастап Рафак пункті арқылы шетелдіктер мен жаралыларды эвакуациялау уақытша тоқтатылған.Рафак – Египет пен Газа секторы шекарасындағы бақылау-өткізу пункті.Мысыр және Израиль талаптарына сәйкес әр елге Рафах пункті арқылы шетелдіктерге өтуіне белгілі бір күн беріледі. Мұнда қазіргі өткізу қабілеті тәулігіне 500-ге жуық адам, сондай-ақ шамамен 45 елдің елшіліктері ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны ескеріледі. Бұл шамамен 7 мың адам.
https://sputnik.kz/20231103/prezident-izrail-khamas-qaqtygysy-turaly-diplomatiyalyq-dialog-arqyly-sheshuge-shaqyramyz-39896092.html
палестина
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/09/39175003_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_300d608fd1be7c736b2ecf527022bd3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
палестина, израиль
Газа секторында 76 қазақстандық қалды – СІМ
16:05 06.11.2023 (жаңартылды: 16:07 06.11.2023) СІМ ақпаратынша, қазақстандықтар белгілі бір себептерге байланысты елге ұшып шығуға дайын емес
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар, отбасы мүшелерімен қоса санағанда 161 адам. Египет тарапынан да, Израиль тарапынан да шетелдіктердің отбасы мүшелерімен шығуына белгілі бір талаптар қойылады. Осыған байланысты біздің азаматтарымыз Қазақстанға жақындарын тастап ұшып шығуға дайын емес", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Айтуынша, Қазақстан өз отандастарын елге жеткізуге толығымен дайын.
"Азаматтарымыз Мысыр шекарасын кесіп өткеннен кейін арнайы борт Каир қаласына ұшып шығады", - деді СІМ өкілі.
Смадияровтың айтуынша, 4 қарашадан бастап Рафак пункті арқылы шетелдіктер мен жаралыларды эвакуациялау уақытша тоқтатылған.
Рафак – Египет пен Газа секторы шекарасындағы бақылау-өткізу пункті.
Мысыр және Израиль талаптарына сәйкес әр елге Рафах пункті арқылы шетелдіктерге өтуіне белгілі бір күн беріледі. Мұнда қазіргі өткізу қабілеті тәулігіне 500-ге жуық адам, сондай-ақ шамамен 45 елдің елшіліктері ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны ескеріледі. Бұл шамамен 7 мың адам.