https://sputnik.kz/20231103/prezident-izrail-khamas-qaqtygysy-turaly-diplomatiyalyq-dialog-arqyly-sheshuge-shaqyramyz-39896092.html
Тоқаев Газа секторындағы қақтығыс туралы: Қазақстан лаңкестік әдістерді қатаң айыптайды
Тоқаев Газа секторындағы қақтығыс туралы: Қазақстан лаңкестік әдістерді қатаң айыптайды
Sputnik Қазақстан
Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет, деді Тоқаев... 03.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-03T13:17+0500
2023-11-03T13:17+0500
2023-11-03T13:26+0500
қасым-жомарт тоқаев
израиль
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39809756_0:234:2249:1499_1920x0_80_0_0_29dbfac4ca04dea3d2718fa8e7201508.jpg
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде ондаған жыл бойы шешімін таппаған мәселені зорлық-зомбылық пен лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қазақстан ондай тәсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүмкін. Бұл ретте кез келген жанжалды бейбіт келіссөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақырамыз. Біз үшін әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын мүлткісіз орындау маңызды", - деді Тоқаев.Осы орайда Қазақстанның басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қызметінің беделі түскені жасырын емес екенін де айтты. Мұндайда Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек."Бұл ретте Қауіпсіздік кеңесін роформалау ісі мейілінше сындарлы болуы керек. Біздің ойымызша, бұл маңызды орган әлемнің барлық аймағын қамтитын мемлекеттермен толығуға тиіс. Әсіресе, жаһандық Оңтүстік елдері тыс қалмауы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.Ал әлемдегі күрделі үдерістерге қатысты түркі елдерінің іс-қимылдары барынша байыпты болған жөн."Бұл тұрғыда түркі интеграциясын бекемдей түсуге баса мән бергеніміз абзал", - деді мемлекет басшысы.
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39809756_0:0:1999:1499_1920x0_80_0_0_5564564798b6a2124c84861295fd0bca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, израиль
қасым-жомарт тоқаев, израиль
Тоқаев Газа секторындағы қақтығыс туралы: Қазақстан лаңкестік әдістерді қатаң айыптайды
13:17 03.11.2023 (жаңартылды: 13:26 03.11.2023) Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет, деді Тоқаев саммитте
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде ондаған жыл бойы шешімін таппаған мәселені зорлық-зомбылық пен лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстан ондай тәсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүмкін. Бұл ретте кез келген жанжалды бейбіт келіссөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақырамыз. Біз үшін әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын мүлткісіз орындау маңызды", - деді Тоқаев.
Осы орайда Қазақстанның басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қызметінің беделі түскені жасырын емес екенін де айтты. Мұндайда Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек.
"Бұл ретте Қауіпсіздік кеңесін роформалау ісі мейілінше сындарлы болуы керек. Біздің ойымызша, бұл маңызды орган әлемнің барлық аймағын қамтитын мемлекеттермен толығуға тиіс. Әсіресе, жаһандық Оңтүстік елдері тыс қалмауы керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Ал әлемдегі күрделі үдерістерге қатысты түркі елдерінің іс-қимылдары барынша байыпты болған жөн.
"Бұл тұрғыда түркі интеграциясын бекемдей түсуге баса мән бергеніміз абзал", - деді мемлекет басшысы.