Шымкентте алданған тұтынушыларға 106 млн теңге қайтарылды

© PhotoШымкент келбеті
Шымкент келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Жазылу
Былтыр сапасыз қызметтер мен тауарларға шағымдар саны 15%-ке өскен
АЛМАТЫ, 4 қараша - Sputnik. Шымкенттегі алданған тұтынушыларға 106 млн теңге қайтарылды, деп хабарлады "Хабар 24".
Шымкентте өткен жылы сапасыз қызметтер мен тауарларға шағымдар саны 15%-ке өсті. Көбісі бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер және электронды коммерция салаларына қатысты. Автокөлік немесе тұрғын үй саудасына да шағым айтатындар бар. Мамандар бұны тұтыну мәдениетінің өсуімен байланыстырады.
"Барлығы 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Шағым неше түрлі, сол сияқты сомасы да әртүрлі. Біреу тауардың сапасына, біреу автомобильдің техникалық жағдайына және т. б. наразы. Барлық тексерудің қорытындысы бойынша жалпы 106 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды", - дейді сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев.
Очередь в больнице - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Медицина, интернет, автобус: қазақстандықтар қандай қызметтерге көп шағымданады
Жаңалықтар
0