https://sputnik.kz/20230619/meditsina-internet-avtobus-qazaqstandyqtar-qanday-qyzmetterge-kop-shagymdanady-36113807.html
Медицина, интернет, автобус: қазақстандықтар қандай қызметтерге көп шағымданады
Медицина, интернет, автобус: қазақстандықтар қандай қызметтерге көп шағымданады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақстандық тұтынушылардың көңілі толмайтын... 19.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-19T14:36+0500
2023-06-19T14:36+0500
2023-06-19T14:36+0500
қазақстандықтар
серік жұманғарин
медицина
интернет
https://sputnik.kz/img/1274/91/12749171_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_5169676755f77d3848740f72c2406ff9.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақстандық тұтынушылардың көңілі толмайтын қызмет түрлерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, тұтынушы құқығы бұзылғаны туралы арыз-шағымдардың саны жыл сайын 20%-ға өседі. 2022 жылы сауда және интеграция министрлігінде 30,2 мыңнан астам өтініш қаралған. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалып отыр. Былтыр 50 мыңға жуық шағым келіп түсті.Вице-премьер азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіретінін айтты:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/91/12749171_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_4e0dc7a7289bbaed04f94493d040c7ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар, серік жұманғарин, медицина, интернет
қазақстандықтар, серік жұманғарин, медицина, интернет
Медицина, интернет, автобус: қазақстандықтар қандай қызметтерге көп шағымданады
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қазақстандық тұтынушылардың көңілі толмайтын қызмет түрлерін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, тұтынушы құқығы бұзылғаны туралы арыз-шағымдардың саны жыл сайын 20%-ға өседі. 2022 жылы сауда және интеграция министрлігінде 30,2 мыңнан астам өтініш қаралған. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалып отыр. Былтыр 50 мыңға жуық шағым келіп түсті.
"Бұл ретте, тұтынушылар шағымдарының саны істің нақты жай-күйін көрсетпейтінін түсіну қажет. Өйткені құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған азаматтардың бәрі дерлік мемлекеттік органдарға жүгінбейді, бұл жүргізілген социологиялық зерттеулермен расталып отыр", - дейді Жұманғарин үкімет отырысында.
Вице-премьер азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіретінін айтты:
медициналық қызмет – 39,3% (медицина персоналының дөрекі мінез-құлығы мен біліксіздігі, ұзын-сонар кезек, медициналық қызметтердің сапасыздығы);
байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3% (абоненттік төлемнің заңсыз қымбаттауы, интернет қызметінің сапасыз көрсетілуі, тарифтік жоспар құнының ұлғаюы мен өзгеруі);
қоғамдық көлік қызметі – 30,7% (көлікпен тасымалдау ережелерін бұзу, персоналдың дөрекілігі, қолма-қол және ақшасыз есептесу);
қоғамдық тамақтану – 24,4% (персоналдың дөрекі мінез-құлығы мен қызметтердің сапасыздығы, сапасыз тамақ, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы).