Гутерреш Газадағы әуе шабуылдары туралы хабардан есеңгіреп қалғанын айтты

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАнтониу Гутерреш
Антониу Гутерреш - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2023
Жазылу
Израиль әскерилері жедел жәрдем көлігінде ХАМАС жауынгерлері болғанын айтты
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Израильдің Газа секторында жедел жәрдем көлігіне соққы жасағаны туралы хабардан есеңгіреп қалғанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Жұма күні Израиль армиясы палестиналық Хамас қозғалысы пайдаланған жедел жәрдем көлігіне соққы беріп, оның бірнеше жауынгерін өлтіргенін хабарлады.
Израиль әскерилерінің Газадағы жедел жәрдем көліктер колоннасына жасаған соққысынан 15 адам қаза тауып, кемінде 60 адам жараланды, деп хабарлады Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы.
"Газада әл-Шифа ауруханасы маңында жедел жәрдем көлігінің колоннасына шабуыл жасалғаны туралы хабардан есеңгіреп қалдым. Аурухананың жанында көшеде шашылып жатқан мәйіттердің суреттері жүрегімді сыздатты", - деп мәлімдеді Гутерреш.
Сонымен бірге Гуттереш "ХАМАС Израильде лаңкестік шабуыл жасағанын, сондай-ақ әйелдер мен балаларды ұрлап әкетіп, өлтіргенін ұмытпағанын" айтты.
"Газада кепілге алынған барлық адам дереу және ешбір шартсыз босатылуы керек", - деп жазды ол.
БҰҰ Бас хатшысы Газа секторындағы гуманитарлық жағдай өте ауыр екенін атап өтті.
"Елде азық-түлік, су және дәрі-дәрмек жетіспейді. Ауруханалар мен су тазарту қондырғыларын электр қуатымен қамтуға арналған отын таусылып барады. Мәйітханалар толды. Дүкендер бос", - деді ол.
Оның айтуынша, санитарлық жағдай да мәз емес, балалар арасында ауру көбейген.
Газа секторы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Тоқаев Газа секторындағы қақтығыс туралы: Қазақстан лаңкестік әдістерді қатаң айыптайды
Жаңалықтар
0