Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті ХІ саммиті Қырғызстанда өтеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТүркі мемлекеттері ұйымының X саммиті
Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Жаңа саммит 2024 жылы өтеді
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының келесі XI саммиті 2024 жылы Қырғызстанда өтеді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұндай шешімді ел басшылары Астанада өткен мерейтойлық Х саммитте қабылдады.
Саммитке қатысушылар халықаралық саясат және аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінің қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды, оның ішінде Астана актісі, Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінің Декларациясы, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті "Түркі әлемінің жоғары орденімен" марапаттау туралы мемлекет басшыларының шешімі бар.
Сонымен қатар саммитте Қазақстан Палестинаға бір миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күні бекітілді
Жаңалықтар
0