https://sputnik.kz/20231103/turki-memleketterinin-yntymaqtastyq-kuni-bekitildi-39901531.html
Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күні бекітілді
Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күні бекітілді
Sputnik Қазақстан
Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді 03.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-03T14:47+0500
2023-11-03T14:47+0500
2023-11-03T14:48+0500
түркітілдес халықтар
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39900878_0:51:1280:771_1920x0_80_0_0_c935da49e3e586365e5b6b79b6ac4aaf.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін бес елдің басшысы Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдады. Ал 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні болып бекітілді.Алдағы уақытта ұйымда әрбір елдің тұрақты өкілі болады. Ол үшін арнайы ереже әзірлеу туралы шешім шығарылды. Сондай-ақ метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама рәсімделді. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.Айта кетері, Түркі мемлекеттері ұйымына бес мемлекет Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан кіреді. Ал Түрікменстан, Мажарстан мен Солтүстік Кипр бақылау мәртебесіне ие. Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына да бақылаушы мәртебесі берілді.Биыл 6 ақпанда Түркияда алапат жер сілкінісі болды. Зілзала кезінде 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Сол кезде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер бірден өз көмегін жіберді. Қазақстан қаржылай және материалдық жәрдем көрсетті. Ал отандық құтқарушылар бірнеше адамды аман алып қалды.
https://sputnik.kz/20231103/qazaqstan-turki-memleketteri-uyymyna-toragalyqty-qabyldady--39899323.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39900878_93:0:1188:821_1920x0_80_0_0_514bdd16fd034755a63de77705fd8ac8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркітілдес халықтар, түркі мемлекеттері ұйымы
түркітілдес халықтар, түркі мемлекеттері ұйымы
Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық күні бекітілді
14:47 03.11.2023 (жаңартылды: 14:48 03.11.2023) Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінде бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін бес елдің басшысы Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдады. Ал 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні болып бекітілді.
Алдағы уақытта ұйымда әрбір елдің тұрақты өкілі болады. Ол үшін арнайы ереже әзірлеу туралы шешім шығарылды. Сондай-ақ метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама рәсімделді. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Айта кетері, Түркі мемлекеттері ұйымына бес мемлекет Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан кіреді. Ал Түрікменстан, Мажарстан мен Солтүстік Кипр бақылау мәртебесіне ие. Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына да бақылаушы мәртебесі берілді.
Биыл 6 ақпанда Түркияда алапат жер сілкінісі болды. Зілзала кезінде 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Сол кезде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер бірден өз көмегін жіберді. Қазақстан қаржылай және материалдық жәрдем көрсетті. Ал отандық құтқарушылар бірнеше адамды аман алып қалды.