https://sputnik.kz/20231102/toqaev-mazharstan-premer-ministrin-aqordada-qarsy-aldy-39837465.html
Тоқаев Мажарстан премьер-министрін Ақордада қарсы алды
Тоқаев Мажарстан премьер-министрін Ақордада қарсы алды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Орбан Қазақстанға ресми сапармен үш рет келген 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T10:03+0500
2023-11-02T10:03+0500
2023-11-02T10:39+0500
венгрия
қазақстан
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39838971_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_203f97440b5dec438029de752266c60b.jpg
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Екі елдің басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізеді. Сол кезде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Соның ішінде энергетика саласындағы байланыстар сөз болады. Бірнеше құжатқа да қол қойылады. Мәселен, бір келісімшартта Қазақстаннан келген студенттерге Stipendium Hungaricum халықаралық бағдарламасы бойынша венгр университеттерінде оқуға стипендия беру қарастырылған.Айта кетері, бұған дейін Орбан Қазақстанға ресми сапармен үш рет келген. Соңғы рет 2019 жылы оны Тоқаев ресми түрде қарсы алды. Одан кейін екеуі 2021 жылы Ыстанбұлда, ал 2022 жылы Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында кездескен. Ертең, 3 қараша күні Астанада осы ұйымның мерейтойлық саммиті өтеді. Виктор Орбар оған да қатысады. Мажарстан ұйымға бақылаушы ретінде кірген.Sputnik Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихына шолуды әзірледі. Ал сарапшылар осы сапарға қатысты өз ойын айтты.
https://sputnik.kz/20231102/qazaqstan-men-mazharstan-31-zhyldyq-dostyqtyn-natizhesi-qanday-39831995.html
венгрия
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39838971_191:0:1151:720_1920x0_80_0_0_c15bf1aac11a0fdfddc0e24e98514fcc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
венгрия, қазақстан, ақорда
венгрия, қазақстан, ақорда
Тоқаев Мажарстан премьер-министрін Ақордада қарсы алды
10:03 02.11.2023 (жаңартылды: 10:39 02.11.2023) Бұған дейін Орбан Қазақстанға ресми сапармен үш рет келген
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Екі елдің басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізеді. Сол кезде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Соның ішінде энергетика саласындағы байланыстар сөз болады. Бірнеше құжатқа да қол қойылады. Мәселен, бір келісімшартта Қазақстаннан келген студенттерге Stipendium Hungaricum халықаралық бағдарламасы бойынша венгр университеттерінде оқуға стипендия беру қарастырылған.
Айта кетері, бұған дейін Орбан Қазақстанға ресми сапармен үш рет келген. Соңғы рет 2019 жылы оны Тоқаев ресми түрде қарсы алды. Одан кейін екеуі 2021 жылы Ыстанбұлда, ал 2022 жылы Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында кездескен. Ертең, 3 қараша күні Астанада осы ұйымның мерейтойлық саммиті өтеді. Виктор Орбар оған да қатысады. Мажарстан ұйымға бақылаушы ретінде кірген.
Sputnik Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихына шолуды әзірледі. Ал сарапшылар осы сапарға қатысты өз ойын айтты.