Өңірлер

Таразда нан күрт қымбаттап кеткен: облыс әкімдігі шұғыл жиын өткізді

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2023
Жазылу
Кәсіпкерлер нан бағасын 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтеріп жіберген
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Таразда нанның күрт қымбаттауына байланысты облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлермен шұғыл жиналыс өткізді.
Сауда және интеграция министрлігінің департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің басқармасы Тараз қаласында бір бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты шұғыл мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органдарға ескертпестен өз бетінше нан бағасын өсіргені анықталды.
"Осы жағдайға байланысты облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен және құзырлы органдар мен кәсіпкерлердің қатысуымен шұғыл түрде жиын өткізілді. Кәсіпкерлермен бір бөлке нанның бағасын 100 теңгеден ұстап тұру келісілді", - деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті.
Осылайша бүгін, 2 қарашадан бастап дүкендерде бөлке нан 100 теңгеден сатылып жатыр.
Нан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Әлеуметтік нан қымбаттамайды – вице-министр
Жаңалықтар
0