https://sputnik.kz/20231019/aleumettik-nan-qymbattamaydy--vitse-ministr-39491969.html
Әлеуметтік нан қымбаттамайды – вице-министр
Әлеуметтік нан қымбаттамайды – вице-министр
Sputnik Қазақстан
Мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттейді 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T13:16+0500
2023-10-19T13:16+0500
2023-10-19T13:16+0500
нан
https://sputnik.kz/img/729/79/7297972_0:152:3098:1895_1920x0_80_0_0_b117601a019c79f424453a439d62982b.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов әлеуметтік нанның қымбаттауына ешқандай алғышарт жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттейді. Оған бірінші сұрыпты ұн және осы ұннан жасалатын әлеуметтік нан кіреді."Әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Естеріңізде болса, былтыр бидай бағасы 85-90 мың теңге, оның алдыңғы жылы 180 мың теңгеге дейін жеткен болатын. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік нанның бағасы тұрақты болды. Біз арнайы субсидиялау бағдарламасы бойынша әлеуметтік нанның бағасын реттейміз. Сол себепті ел халқына алаңдаудың қажеті жоқ. Жиналған астық ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді", - деп сендірді Сұлтанов Астанада ашылған халықаралық KazAgro/KazFarm-2023 ауыл шаруашылығы көрмесінің кулуарында.Министрлік әлеуметтік нан өндірісіне қажетті арзан ұнды өңірлерге жөнелтеді."Яғни әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Оның қымбаттауына алғышарт жоқ", - деді ол.Ал премиальды нанның, мысалы тоқаш, круассан секілді өнімдердің бағасын нарық реттейді."Оның бағасын мемлекет реттемейді. Өйткені ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатпайды. Бұл жерде оны нарық реттейді", - деп түсіндірді Сұлтанов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/729/79/7297972_185:0:2914:2047_1920x0_80_0_0_1a5779798ae554a1d5a4fbd39d1ad3d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нан
Әлеуметтік нан қымбаттамайды – вице-министр
Мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттейді
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов әлеуметтік нанның қымбаттауына ешқандай алғышарт жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын реттейді. Оған бірінші сұрыпты ұн және осы ұннан жасалатын әлеуметтік нан кіреді.
"Әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Естеріңізде болса, былтыр бидай бағасы 85-90 мың теңге, оның алдыңғы жылы 180 мың теңгеге дейін жеткен болатын. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік нанның бағасы тұрақты болды. Біз арнайы субсидиялау бағдарламасы бойынша әлеуметтік нанның бағасын реттейміз. Сол себепті ел халқына алаңдаудың қажеті жоқ. Жиналған астық ішкі нарықты қамтамасыз етуге жетеді", - деп сендірді Сұлтанов Астанада ашылған халықаралық KazAgro/KazFarm-2023 ауыл шаруашылығы көрмесінің кулуарында.
Министрлік әлеуметтік нан өндірісіне қажетті арзан ұнды өңірлерге жөнелтеді.
"Яғни әлеуметтік нанның бағасы тұрақты. Оның қымбаттауына алғышарт жоқ", - деді ол.
Ал премиальды нанның, мысалы тоқаш, круассан секілді өнімдердің бағасын нарық реттейді.
"Оның бағасын мемлекет реттемейді. Өйткені ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатпайды. Бұл жерде оны нарық реттейді", - деп түсіндірді Сұлтанов.