https://sputnik.kz/20231031/smayylov-kenshilerdin-qazasy-zhayly-bul--kasiporyn-basshylygynyn-kinasi--39777126.html
Смайылов кеншілердің қазасы жайлы: бұл – кәсіпорын басшылығының кінәсі
Смайылов кеншілердің қазасы жайлы: бұл – кәсіпорын басшылығының кінәсі
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысының айтуынша, қазір "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталуға жақын 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T09:52+0500
2023-10-31T09:52+0500
2023-10-31T09:52+0500
әлихан смайылов
шахта
апат
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39728880_0:35:1280:755_1920x0_80_0_0_d1e46bc5a1289e9f5bb3c1666d041447.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы кінәлі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Премьер дәл осындай апат биыл тамыз айында да болғанын еске салды. Ол кезде 5 шахтер қаза тапқан болатын.Бұған дейін президент "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді.Смайыловтың айтуыншаа, қазір компанияны Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында.Үкіметтік комиссия апат себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.Премьер-министр Қарағанды облысының әкімдігі мен төтенше жағдайлар министрлігіне апатты жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды."Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулығын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды", - деп сендірді үкімет басшысы.Еске сала кетейік, Костенко атындағы шахтада метан жарылып, 46 кенші қаза тапты.
https://sputnik.kz/20231031/qaragandy-oblysynda-bes-shakhtada-ken-ondiru-zhumystary-qayta-bastaldy-39776943.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/1c/39728880_114:0:1167:790_1920x0_80_0_0_e21b7d7b2664fa53814371ebea2e9a84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, шахта, апат
әлихан смайылов, шахта, апат
Смайылов кеншілердің қазасы жайлы: бұл – кәсіпорын басшылығының кінәсі
Үкімет басшысының айтуынша, қазір "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталуға жақын
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығы кінәлі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер дәл осындай апат биыл тамыз айында да болғанын еске салды. Ол кезде 5 шахтер қаза тапқан болатын.
"Көптеген адам өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауымен тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте, кәсіпорын басшылығының кінәсі. Олар компания жұмысынан өздерін шеттетіп тастаған. Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Бұған дейін президент "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді.
Смайыловтың айтуыншаа, қазір компанияны Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында.
Үкіметтік комиссия апат себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады.
Премьер-министр Қарағанды облысының әкімдігі мен төтенше жағдайлар министрлігіне апатты жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
"Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулығын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды", - деп сендірді үкімет басшысы.
Еске сала кетейік, Костенко атындағы шахтада метан жарылып, 46 кенші қаза тапты.