Қарағанды облысында бес шахтада кен өндіру жұмыстары қайта басталды

Шахта имени Ленина - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
Шәріпханов Костенко атындағы шахтадағы апаттың себептерін тергеу аясында үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскенін атап өтті
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының бес шахтасында кен өндіру процесі қайта басталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жалпы, 30 қазаннан бастап (сағат 14.00-ден) Қарағанды облысының бес шахтасында (Абай, Саран, Шахтинск, Күзембаев және Ленин атындағы) өндіру процестері қайта жанданды. "Тентек" шахтасында тек дайындық жұмыстары жүргізілуде. "Қазақстан" шахтасында оның тіршілігін қамтамасыз ету және аэрогаз жағдайын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді министр үкімет отырысында.
Шәріпханов Костенко атындағы шахтадағы апаттың себептерін тергеу аясында үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскенін атап өтті.
"Шахта қатты бұзылған. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрылыстары қираған", - деді министр.
Айтуынша, қазір тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылды. Апат фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұған дейін Костенко атындағы шахтадағы апаттан кейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы алдағы бірнеше күнге тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Шахтадағы апатты жою бойынша жедел штаб - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Оқиға
Қарағандыда шахтада апат болып, 11 кенші қаза тапты
Жаңалықтар
0