https://sputnik.kz/20231031/qazaqstan-shekarasynda-qr-kodtar-payda-bolady-39792679.html
Қазақстан шекарасында QR-кодтар пайда болады
Қазақстан шекарасында QR-кодтар пайда болады
Sputnik Қазақстан
Туризм министрі елімізге келетін туристер қандай қиындықтарға тап болатынын айтты 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T18:00+0500
2023-10-31T18:00+0500
2023-10-31T18:00+0500
қоғам
туристер
туризм
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16232394_0:0:2304:1296_1920x0_80_0_0_99da4ab5c51e21e0e6af2a35917edf15.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Шетелдік туристерге ыңғайлы болу үшін шекарада QR-кодтар енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сондай-ақ, Маржықпаевтың айтуынша, келесі жылы туристік тартымдылыққа сүйене отырып, өңірлер рейтингі бойынша цифрлық платформа әзірленеді. Бағалау критерийлеріне ыңғайлы навигацияның, қоғамдық орындарда интернеттің болуы, туробъектілерге билет сатып алу сервистерінің жұмысы және тағы басқа кіреді.Білікті гидтер мен экскурсоводтардың бірыңғай ақпараттық базасын құру, яғни гидтердің қызметін цифрландыру жұмысы жалғасады."Туристерді алып жүретін гидтерге арнайы бейджиктер беріліп, олар сол арқылы мұражайларға, ұлттық парктерге және басқа орындарға тегін кіруге мүмкіндік алады", - деді ведомство басшысы.Бұдан бөлек министр Қазақстанға келетін туристер қандай қиындықтарға тап болатынын айтты."Жалпы бізге келетін туристер виза алу процесі мен е-виза кезінде бірнеше қиындыққа тап болады. Мысалы, туристерге шақыру қағазын алуға бірнеше апта кетеді және әуежайда төлқұжатқа виза қою процесі бірнеше сағатты алады. Осы жағдайлар туристік топтарға қолайсыздық тудырады", - дейді ол.Осыған байланысты туризм министрлігі шақыру алуды цифрландыру мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ, құрлықтағы өткізу бекеттерінде электронды визамен мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат беру бойынша жұмыс жүргізілуде.
https://sputnik.kz/20230906/qazaqstanga-keletin-turister-qanday-ulttyq-tagamdardy-unatady-38247359.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16232394_289:0:2017:1296_1920x0_80_0_0_7cce3054c5b8c5137f14fbdab6af5c0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туристер, туризм
Қазақстан шекарасында QR-кодтар пайда болады
Туризм министрі елімізге келетін туристер қандай қиындықтарға тап болатынын айтты
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Шетелдік туристерге ыңғайлы болу үшін шекарада QR-кодтар енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Шетелдік туристердің жайлылығын арттыру үшін шекарада QR-кодтар енгізу пысықталуда. Олар бойынша туристер гидтер, такси құны, электронды сим картаны сатып алу, қазақ тіліндегі пайдалы сөз тіркестері сияқты ең қажетті ақпаратты таба алады", - деді министр үкімет отырысында.
Сондай-ақ, Маржықпаевтың айтуынша, келесі жылы туристік тартымдылыққа сүйене отырып, өңірлер рейтингі бойынша цифрлық платформа әзірленеді. Бағалау критерийлеріне ыңғайлы навигацияның, қоғамдық орындарда интернеттің болуы, туробъектілерге билет сатып алу сервистерінің жұмысы және тағы басқа кіреді.
Білікті гидтер мен экскурсоводтардың бірыңғай ақпараттық базасын құру, яғни гидтердің қызметін цифрландыру жұмысы жалғасады.
"Туристерді алып жүретін гидтерге арнайы бейджиктер беріліп, олар сол арқылы мұражайларға, ұлттық парктерге және басқа орындарға тегін кіруге мүмкіндік алады", - деді ведомство басшысы.
Бұдан бөлек министр Қазақстанға келетін туристер қандай қиындықтарға тап болатынын айтты.
"Жалпы бізге келетін туристер виза алу процесі мен е-виза кезінде бірнеше қиындыққа тап болады. Мысалы, туристерге шақыру қағазын алуға бірнеше апта кетеді және әуежайда төлқұжатқа виза қою процесі бірнеше сағатты алады. Осы жағдайлар туристік топтарға қолайсыздық тудырады", - дейді ол.
Осыған байланысты туризм министрлігі шақыру алуды цифрландыру мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ, құрлықтағы өткізу бекеттерінде электронды визамен мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат беру бойынша жұмыс жүргізілуде.