Қоғам

Қазақстанға келетін туристер қандай ұлттық тағамдарды ұнатады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Жазылу
Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, шетелдік қонақтар ет, бауырсақ және жентті сүйіп жейді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Отандық туроператорлар шетелдік туристер арасында ең танымал 5 ұлттық тағамды атады, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – ет. Ұлттық тағам еліміздің барлық қаласы мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етін асып береді. Ал Қазақстанның батысында балықтан жасалатын "фишбармақтың" дәмін татуға болады.
Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі "шибауырсақты" туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы.
Ал үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі.
Туристердің талғамы бойынша бұдан кейінгі орында ұлттық тәттілер – жент және қызыл ірімшік тұр. Көптеген кәсіпкер туристерге бұл десерттерді кішкентай, әдемі сыйлық жиынтықтарында кәдесый ретінде сатып алуды ұсынады.
Қызыл ірімшік – тәтті сүзбе. Әзіл ретінде бұл тағамды "қазақстандық рафаэлло" деп те атайды. Ол әртүрлі тәтті ингредиенттері бар сүзбеден дайындалады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде бал, ал басқа өңірлерде қант немесе тосап қосып дайындайды.
"Сондай-ақ тұтыну өнімі ретінде және кәдесый ретінде қазақстандық шоколад өте танымал. Біздің ұлттық тағамдарымызбен еуропалық және ТМД аумағынан келген туристер жақсы таныс және шетелдіктер тарапынан үлкен сұранысқа ие", - дейді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Мәдениет
Қазақстанға қыдырып келген туристер қанша теңге жарна төлейді
Жаңалықтар
0