https://sputnik.kz/20231031/qaragandy-oblysynda-shakhtadagy-apattan-keyin-27-kenshi-aurukhanada-zhatyr-39777754.html
Қарағанды облысында шахтадағы апаттан кейін 27 кенші ауруханада жатыр
Қарағанды облысында шахтадағы апаттан кейін 27 кенші ауруханада жатыр
Sputnik Қазақстан
Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр деп сендірді облыс әкімі 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T10:05+0500
2023-10-31T10:05+0500
2023-10-31T10:05+0500
қарағанды облысы
шахта
шахтерлер
апат
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Костенко атындағы шахтадағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімнің айтуынша, қаза тапқан әрбір кеншінің отбасына мемлекеттік органдардың басшылары мен депутаттар бекітілді. Олар жерлеу рәсімдеріне қатысып, тиісті төлемдерді бақылайды және тұрмыстық проблемаларды шешеді. Жерлеу рәсімдерін өткізуге, көлікпен қамтамасыз етуге қажетті көмек көрсетілуде.Сондай-ақ басқа өңірлерден, алыс-жақын шет елдерден туыстары мен жақындарының келуіне көмек көрсетілуде."Қаза тапқан кеншілер отбасыларының әлеуметтік портреті жасалды. Көпбалалы отбасылар, жалғыз асыраушысы және кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар анықталды. Қаза тапқандардың ипотекалық және басқа да несиелері, тұрғын үй жағдайлары туралы ақпарат жиналды", - деді Бөлекпаев.Облыс әкімі кеншілердің отбасылары көмексіз қалмайды деп сендірді.
https://sputnik.kz/20231031/smayylov-kenshilerdin-qazasy-zhayly-bul--kasiporyn-basshylygynyn-kinasi--39777126.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, шахта, шахтерлер, апат
қарағанды облысы, шахта, шахтерлер, апат
Қарағанды облысында шахтадағы апаттан кейін 27 кенші ауруханада жатыр
Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр деп сендірді облыс әкімі
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Костенко атындағы шахтадағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша зардап шеккен 27 адам медициналық мекемелерде дәрігерлердің бақылауында. Бір кеншінің жағдайы ауыр деуге болады, 24-інің жағдайы орташа, қалған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Барлық пациент қажетті медициналық көмек алып жатыр", - деді Бөлекпаев үкімет отырысында.
Әкімнің айтуынша, қаза тапқан әрбір кеншінің отбасына мемлекеттік органдардың басшылары мен депутаттар бекітілді. Олар жерлеу рәсімдеріне қатысып, тиісті төлемдерді бақылайды және тұрмыстық проблемаларды шешеді. Жерлеу рәсімдерін өткізуге, көлікпен қамтамасыз етуге қажетті көмек көрсетілуде.
Сондай-ақ басқа өңірлерден, алыс-жақын шет елдерден туыстары мен жақындарының келуіне көмек көрсетілуде.
"Қаза тапқан кеншілер отбасыларының әлеуметтік портреті жасалды. Көпбалалы отбасылар, жалғыз асыраушысы және кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар анықталды. Қаза тапқандардың ипотекалық және басқа да несиелері, тұрғын үй жағдайлары туралы ақпарат жиналды", - деді Бөлекпаев.
Облыс әкімі кеншілердің отбасылары көмексіз қалмайды деп сендірді.