Костенко атындағы шахтада қаза тапқандардың толық тізімі қашан шығады

© Photo : 24.kzПолицейская машина у шахты имени Костенко
Полицейская машина у шахты имени Костенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
Шәріпхановтың айтуынша, қазір қаза тапқан алты кеншінің аты-жөнін анықтау жұмыстары жүріп жатыр
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада қаза болған 46 кеншінің аты-жөні үш-төрт күн ішінде жарияланады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір тапқан алты шахтерді тану процедурасы жүріп жатыр. ДНК-зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Аты-жөнін осыдан кейін ғана жариялай аламыз. Меніңше, бұл үш-төрт күн уақыт алады", - деді Шәріпханов үкіметте өткен брифингте.
Еске сала кетейік, Костенко атындағы шахтада метан жарылып, 46 адам қаза тапты. Құтқарушылар жақында көз жұмған 46-шы кеншінің дене бөлшектерін тапқан. Қазіргі таңда 40 адамның аты-жөні анықталды, қалған алтауы әзірге кім екені белгісіз.
Премьер-министр РК Алихан Смаилов провел заседание правительственной комиссии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Смайылов кеншілердің қазасы жайлы: бұл – кәсіпорын басшылығының кінәсі
Жаңалықтар
0