Қоғам

Банкроттарға елден шығуға рұқсат беру ұсынылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
Жазылу
Қазіргі нормаға сәйкес, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін, борышкер 5 жыл бойы шетелге шыға алмайды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда банкроттық рәсімін жеңілдету үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын бекіткен борышкерлерге елден шығуға тыйым салмау ұсынылды. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр. Осыған байланысты министрлік бірқатар түзету ұсынды.
"Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау ұсынылады", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Қолданыстағы нормаға сәйкес, борышкер жоспарды орындаудың барлық кезеңі, яғни 5 жыл бойы ел аумағынан шыға алмайды.
Сондай-ақ мынадай өзгерістерді енгізу көзделіп отыр:
соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (уәкілетті органның лицензиясынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжат беруден босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың базасынан алу жоспарлануда).
Десе де Жамаубаев банкроттық барлық мәселені шешпейтінін атап өтті. Оның үстіне банкроттықтың салдары да бар: кредит алуға 5 жылға тыйым салынады, үш жыл бойы қаржылық жағдайы бақыланады және тағы басқа.
Министрдің ақпаратынша, бүгінгі таңда 6 мыңнан астам азамат банкрот деп танылған. Борыш сомасы 9 млрд теңгеден асады.
Банкротство - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2023
6,5 мың адам банкрот деп танылды – вице-министр тексерістің ұзаққа созылу себебін айтты
Жаңалықтар
0