Қоғам

Смайылов шахтада зардап шеккен кеншілерге барды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Смайылов шахтада зардап шеккен кеншілерге барды
Смайылов шахтада зардап шеккен кеншілерге барды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Көбі газдан уланған, барлығының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтада өрт салдарынан зардап шеккен кеншілерге барды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада зардап шеккен 20 адам қажетті ем қабылдап жатыр.
Бас дәрігер Еркін-Дәуір Құрманғалиевтің айтуынша, науқастар әртүрлі аппараттар, соның ішінде КТ және УДЗ арқылы, сондай-ақ түрлі сала мамандарын тарту арқылы толық тексерілген. Олардың көпшілігі газдан уланған, барлығының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Премьер-министр зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі керектігін қадап айтты.
"Тез сауығып, отбасыларыңызға оралуларыңызға тілектеспін", - деді Әлихан Смайылов.
Шахтерлердің бірі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек берілетінін сұрады.
"Бұл – шынымен де өте ауыр қасірет. Қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз. Бүгін мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді. Толығымен қолдау көрсетеміз: баспана, несиелерді өтеу, балаларды оқыту, біржолғы төлемдер – мұның барлығымен қамтамасыз етеміз", - деді премьер-министр.
Президент Қарағандыда жедел штаб отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Қоғам
Тоқаев үкіметтік комиссияға барлық кінәліні жауапқа тартуды тапсырды
Жаңалықтар
0