Қоғам

Тоқаев үкіметтік комиссияға барлық кінәліні жауапқа тартуды тапсырды

© Photo : ҚР Президентінің баспасөз қызметіПрезидент Қарағандыда жедел штаб отырысын өткізді
Президент Қарағандыда жедел штаб отырысын өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Президент жер астында қалған кеншілерді құтқару үшін барлық шараны қабылдауды тапсырды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апатты жою және кеншілерді құтқару үшін барлық шараны қабылдауды, апатқа кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Президент қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.
"Сіздердің міндеттеріңіз – адамдармен тікелей жұмыс істеу, кездесу, сондай-ақ жедел топты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Біз қазір қалыптасқан жағдайды түсіндіру, ең бастысы, шешім қабылдау үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Жергілікті әкімдік тиісті шешім қабылдауы қажет. Кәсіпорынның сұраныстарына сүйене отырып, қажетті нәрсенің бәрін анықтаңыздар", - деді Тоқаев Қарағандыда жедел штаб отырысын өткізіп.
Ол үкіметтік комиссия барлық мәселені пысықтауға тиіс екенін атап өтті.
"Мен не істеу керек екенін айттым. Әркім өзіне қатысты жұмысты біледі. Министрлер, басшылар өздерінің жұмыс тәсілдерін білуі керек. Президент әр оқиға сайын келіп, тапсырма береді деп күтіп отыруға болмайды. Вадим Борисович Басинге кәсіпорынды басқаруды өз қолына алуды тапсырамын. Үкімет пен әкімдікке жан-жақты тиісті көмек көрсетуді, төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі құрылымдармен бірлесіп, апат салдарын жою және кеншілерді құтқару үшін барлық шараны қабылдауды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.
Ішкі істер министрлігі зардап шеккен адамдардың отбасыларымен жұмыс істеуі керек, деп атап өтті ол.
"Үкіметтік комиссияға азаматтардың қаза болуына әкеп соқтырған өрттің мән-жайын тергеуді, барлық кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырамын", – деді Тоқаев.
Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апат 28 қазанға қараған түні болды. Отыздан астам кенші қаза тапты. Жер астындағы қалған шахтерлерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Тоқаев кеншілердің отбасыларымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Қоғам
"АрселорМиттал Теміртау" біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев
Жаңалықтар
0