Қоғам

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті

© AP Photo / David GoldmanАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Құтқарушылар жер бетіне шыға алмай қалған кеншілерді іздеуді жалғастыруда
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" компаниясындағылар.
Компанияның мәліметінше, 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылып, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген.
"Шахтада 23 кенші қалды. 21 кеншінің мәйіті табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген сағат 12:00-дегі жағдай бойынша таратылған хабарламада.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді: 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Өңірлер
Бас прокуратура шахтадағы төтенше жағдай бойынша тергеу бастады
Жаңалықтар
0