Қоғам

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншік құқығы Қазақстан пайдасына беріледі

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Жазылу
Акционерлермен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.
Бұған дейін президент үкіметке "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған болатын.
"Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді. Кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде", - деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады.
Комиссия құрамына кімдер кірді:
премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр,
төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов,
ішкі істер министрі Ержан Сәденов,
денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният,
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова,
өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев,
құқық қорғау органдарының өкілдері,
Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері,
еңбек инспекциясының өкілдері,
"Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері және тағы басқалары.
Үкіметтегілер шахтадағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Костенко атындағы шахтада апаттан қаза болғандар саны 16 адамға жетті. Тағы 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Апат болған кезде жер астында 252 адам болған, оның 205-і жер бетіне шығарылды. 18 кенші ауруханаға жатқызылды.
Биыл тамыз айында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Қазақстан" шахтасынан өрт шығып, бес кенші қаза тапқан еді. Шахтадағы өрт әлі сөнген жоқ, өндіру жұмыстары тоқтатылды.
ArcelorMittal - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2023
Қоғам
Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Жаңалықтар
0