Президент Талдықорғанда ашылған Jetysu Аrena жабық мұз айдынына барды

© Ақорда Президент Jetysu Аrena жабық мұз айдынына барды
 Президент Jetysu Аrena жабық мұз айдынына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Жазылу
Елімізде хоккейдің бұл түрімен айналысуға арналған екі мұз аренасы бар. Оның бірі Астанада, екіншісі осы Талдықорған қаласында ашылып отыр
АЛМАТЫ, 27 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Талдықорған қаласындағы жаңадан салынған Jetysu Аrena жабық мұз айдынын аралап, спортшылармен әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорда.
Спорт нысаны толықтай жеке кәсіпкердің қаражатына салынып, Республика күні ашылған. Жалпы инвестиция көлемі – шамамен 900 миллион теңге. Кәсіпкер Мұхаметжан Серікұлының айтуынша, бұл нысанда тұрғындар шорт-трек, хоккей және мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлерімен айналыса алады. Сонымен қатар мұнда паралимпиадалық, яғни шаналы хоккеймен шұғылдануға болады.
© Ақорда Президент Jetysu Аrena жабық мұз айдынына барды
 Президент Jetysu Аrena жабық мұз айдынына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2023
Президент Jetysu Аrena жабық мұз айдынына барды
Елімізде хоккейдің бұл түрімен айналысуға арналған екі мұз аренасы бар. Оның бірі Астанада, екіншісі осы Талдықорған қаласында ашылып отыр. Нысанның жалпы аумағы – 2235,8 шаршы метр. Кешен кәсіби технологиялық құралдармен, оның ішінде тоңазытқыш, мұз құю және спорт жабдықтарымен қамтылған.
Соның нәтижесінде мұнда жыл бойы үздіксіз жаттығуға мүмкіндік бар. Аталған жабық мұз айдыны Құрлықаралық хоккей лигасының және Ұлттық хоккей лигасының стандарттарына сай келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ел игілігі үшін еңбек етіп жатқан кәсіпкерге ризашылығын білдірді. Президент спортшылармен әңгімелесу кезінде мемлекет аталған саланы одан әрі қолдайтынына тоқталып, жастардың спортпен тұрақты айналысқанын құптайтынын айтты.
Три года дети в райцентре СКО учатся не в школе, а в здании отдела образования - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2023
Алдағы екі жылда Жетісу облысында 16 мектеп салынады
Жаңалықтар
0