Алдағы екі жылда Жетісу облысында 16 мектеп салынады

© PhotoТри года дети в райцентре СКО учатся не в школе, а в здании отдела образования
Три года дети в райцентре СКО учатся не в школе, а в здании отдела образования - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2023
Жазылу
Соның ішінде 6600 орындық 7 оқу ордасы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынады
АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.
Президентке Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді.
Әкімнің мәліметінше, 2023-2025 жылдары 8,8 мың орындық 16 жаңа мектеп салу жоспарланған, соның ішінде 6600 орындық 7 оқу ордасы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынады және 1800 орындық 2 мектептің құрылысы биыл басталған.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 8 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жергілікті бюджет есебінен 21 блокты-модульді кешен салынған. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін тағы 59 нысан салу жоспарланған.
"Ал мәдениет саласында 5 нысанның құрылысы жүргізіліп, тағы 8 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Биыл облыста 14 спорт нысаны салынып жатқаны жөнінде айтты. Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен 3 блокты-модульды кешен салынады. Ал демеушілер есебінен Талдықорған қаласында жыл бойы жұмыс істейтін "Jetysu Аrena" жабық спорт кешені іске қосылған", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл кешенге 867 миллион теңге инвестиция салынған. Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3 988 шақырым. Биыл облыстық маңызы бар 221 шақырым жол мен 73 елді мекендегі 249 шақырым ауылішілік жолдарды салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың даму қарқынын оң бағалап, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.
Жаңалықтар
0