https://sputnik.kz/20231026/qyzylorda-oblysynda-qylmystyq-zholmen-urlangan-101-mln-tenge-memleketke-qaytaryldy-39655361.html
Қызылорда облысында қылмыстық жолмен ұрланған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қызылорда облысында қылмыстық жолмен ұрланған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Еспанов өзі басқарған екі кәсіпорын арқылы бюджет қаражатын жымқырған 26.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-26T10:12+0500
2023-10-26T10:12+0500
2023-10-26T10:12+0500
қоғам
қызылорда облысы
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) қызметіне тексеріс жүргізу барысында 101 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасы.ӘКК-нің еншілес ұйымы "Агро Холдинг "Байқоңыр" ЖШС 2018 жылы наурызда 120 млн теңгеге 2400 тонна күріш дәнін сатып алу туралы "Мега Агро" ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Қаражатты толық көлемде аударған.Шарт талаптарына сәйкес "Мега Агро" кәсіпорны тауарды сол жылдың қыркүйегінде жеткізуге тиіс болған. Алайда жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын өз қажетіне жаратқан.Бұл факті бойынша облыс прокуратурасы 2022 жылы тамызда Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс тіркеді.Тергеу барысында Еспанов қамауға алынды. Оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша қайта сараланды. Ол кінәсін толық мойындаған, қылмыстық іс сотқа жолданды.Биыл 3 қазанда Жалағаш ауданы сотының үкімімен Еспановтың 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енді.Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге залал толық көлемде өндірілді.
https://sputnik.kz/20231019/boranbaev-memleketke-ken-orny-men-gaz-taratu-kompaniyasyn-qaytardy-39495577.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, бюджет қаражаты
қызылорда облысы, бюджет қаражаты
Қызылорда облысында қылмыстық жолмен ұрланған 101 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Еспанов өзі басқарған екі кәсіпорын арқылы бюджет қаражатын жымқырған
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) қызметіне тексеріс жүргізу барысында 101 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасы.
ӘКК-нің еншілес ұйымы "Агро Холдинг "Байқоңыр" ЖШС 2018 жылы наурызда 120 млн теңгеге 2400 тонна күріш дәнін сатып алу туралы "Мега Агро" ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Қаражатты толық көлемде аударған.
Шарт талаптарына сәйкес "Мега Агро" кәсіпорны тауарды сол жылдың қыркүйегінде жеткізуге тиіс болған. Алайда жеткізуші өз міндеттерін толық орындамай, 101 млн теңге мемлекет қаражатын өз қажетіне жаратқан.
"Бұдан бөлек сол мерзімде көрсетілген екі серіктестіктің басшысы М.Еспанов болған. Осылайша Еспанов мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам бола тұра, өзіне тиесілі "Мега Агро" ЖШС арқылы бюджет қаржысын жымқыру мақсатында аффилирленген шарт жасаған", - дейді прокуратурадағылар.
Бұл факті бойынша облыс прокуратурасы 2022 жылы тамызда Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс тіркеді.
Тергеу барысында Еспанов қамауға алынды. Оның әрекеті ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша қайта сараланды. Ол кінәсін толық мойындаған, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Биыл 3 қазанда Жалағаш ауданы сотының үкімімен Еспановтың 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енді.
Мемлекетке келтірілген 101 млн теңге залал толық көлемде өндірілді.