Қоғам

"Бәсе" арнасының авторларына іздеу жарияланды

© Photo : polisia.kzАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2023
Жазылу
Белсенділерге іздеу Республика күні қарсаңында жарияланған
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. "Бәсе" арнасын құрушылар мен авторларына іздеу салынды. Бұл жайлы ақпарат ІІМ құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Порталдың ақпаратынша, Айдос пен Наталья Садықовтарға қатысты іс жуырда Астанада тіркелген. Бұған ішкі істер министрлігі бастамашы болған, ал іздестіру шараларын Астана полициясының Алматы аудандық басқармасы жүргізеді.
Розыскное дело на Айдоса и Наталью Садыковых  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2023
Айдос пен Наталья Садықовтарға қатысты іздестіру ісі
Ведомствоның баспасөз қызметі құқық қорғаушылар Садықовтарды неге іздестіріп жатқанын нақтылады.
"Бұл адамдарға 2023 жылғы 23 қазаннан бастап Қылмыстық кодекстің 174-бабына (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) сәйкес сот санкциясымен іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қайшы келетін, азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қойылатынын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, бұл талапқа бағынбау мемлекетке де, қоғамға да қарсы шығу деп бағаланады. Мұны әсіресе, ел алдында жүрген және халыққа сөзі өтімді азаматтар терең түсінуі керек.
 Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Радикализм, экстремизм, вандализмге жол берілмейді – президент
Жаңалықтар
0