Радикализм, экстремизм, вандализмге жол берілмейді – президент

© Photo Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде
 Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Мұны әсіресе, ел алдында жүрген және халыққа сөзі өтімді азаматтар терең түсінуі керек, деді Тоқаев
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда радикализм, экстремизм, вандализмге жол берілмейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Мемлекет радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанатын болады. Елімізде өктемдік пен өшпенділікке, қоғамдық тәртіпті аяқ асты етуге, зорлық-зомбылыққа шақыруға, азаматтардың ар-намысын таптайтын әрекеттер жасауға жол берілмейді", - деді Тоқаев салтанатты жиында.
Президенттің айтуынша, заңға қайшы келетін, азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа сына қағатын кез келген сөз бен әрекетке қатаң тосқауыл қойылады. Бұл талапқа бағынбау мемлекетке де, қоғамға да қарсы шығу деп бағаланады. Мұны әсіресе, ел алдында жүрген және халыққа сөзі өтімді азаматтар терең түсінуі керек.
"Мемлекеттілік тұғырын нығайта түсу үшін заң үстемдігін орнықтыру өте маңызды. Тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық", - деді президент.
Оның айтуынша, Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет.
"Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Осыны санаға мықтап сіңірген жөн", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Бәйтерек монументі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Тоқаев: Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр
Жаңалықтар
0