https://sputnik.kz/20231024/toqaev-qazaqstannyn-aldynda-buryn-sondy-bolmagan-zhana-syn-qaterler-tur-39612757.html
Тоқаев: Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр
Тоқаев: Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр
Sputnik Қазақстан
Президент бейбітшілік еліміздің басты байлығы екенін, оның қадіріне жетіп, бағалай білубәрімізге ортақ парыз екенін атап өтті 24.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-24T11:30+0500
2023-10-24T11:30+0500
2023-10-24T11:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15207402_0:15:3591:2034_1920x0_80_0_0_8da013d8d88485048c823561dcae99ec.jpg
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр. Осы күрделі кезеңде мемлекетіміздің орнықты дамуы өте маңызды. Біз болашаққа сеніммен қараған біртұтас Қазақ елін күллі әлемге танытуымыз керек", - деді президент.Оның айтуынша, Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру тіпті қиын. Шын мәнінде, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі, деді ол.Қазіргі күні күрделі ахуал Қазақстан ғана емес, әлемді алаңдатып тұр. Алайда беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі деп атайды."Қазір біз аймақтың мәдени-рухани орталығына айналдық. Биыл шетелдің өнер ұжымдары елімізде 200-ден астам мәдени іс-шара өткізді. Бұл – тұрақтылықтың, тыныштықтың айқын көрінісі. Мұны басқаларға үлгі-өнеге деуге болады. Ал тұрақсыздық жайлаған елге ешкім ұмтыла қоймасы анық", - деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20231024/zhetistiktermen-birge-qatelikter-de-boldy-ony-umytpagan-zhon--prezident-39611643.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15207402_429:0:3160:2048_1920x0_80_0_0_a8808453dd6c95239e93db235e87f906.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр
11:30 24.10.2023 (жаңартылды: 11:36 24.10.2023) Президент бейбітшілік еліміздің басты байлығы екенін, оның қадіріне жетіп, бағалай білубәрімізге ортақ парыз екенін атап өтті
АЛМАТЫ, 24 қазан – Sputnik. Еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Қазақстанның алдында бұрын-соңды болмаған жаңа сын-қатерлер тұр. Осы күрделі кезеңде мемлекетіміздің орнықты дамуы өте маңызды. Біз болашаққа сеніммен қараған біртұтас Қазақ елін күллі әлемге танытуымыз керек", - деді президент.
Оның айтуынша, Егемендікке қол жеткізу оңай емес, ал оны сақтап тұру тіпті қиын. Шын мәнінде, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі, деді ол.
"Біз егемендікті тынымсыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауымыз керек. Ең бастысы, еліміздегі тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Себебі, тыныштық болмаса, басқаның бәрі бекер", - деді Тоқаев.
Қазіргі күні күрделі ахуал Қазақстан ғана емес, әлемді алаңдатып тұр. Алайда беделді халықаралық сарапшылар Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі деп атайды.
"Қазір біз аймақтың мәдени-рухани орталығына айналдық. Биыл шетелдің өнер ұжымдары елімізде 200-ден астам мәдени іс-шара өткізді. Бұл – тұрақтылықтың, тыныштықтың айқын көрінісі. Мұны басқаларға үлгі-өнеге деуге болады. Ал тұрақсыздық жайлаған елге ешкім ұмтыла қоймасы анық", - деді мемлекет басшысы.