25 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталады

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принять выпускников
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2023
Жазылу
Тіркелу министрліктің Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді
АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. 25 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Тіркелу министрліктің Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді.
Кешенді тестілеуге тіркелу 2023 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Тестілеудің өзі қараша-желтоқсан айларында өтеді. Өтініш беру кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды.
Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (10 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру қаласын бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.
Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде 15 қарашада қолжетімді болады.
Саясат Нұрбек  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Қазақстанда магистратура грантының құны өседі
Жаңалықтар
0