https://sputnik.kz/20231023/un-tartatyn-operatorlarga-arzandatylgan-astyqty-zhetkizu-qolmen-basqarylady-39598405.html
Ұн тартатын операторларға арзандатылған астықты жеткізу қолмен басқарылады
Ұн тартатын операторларға арзандатылған астықты жеткізу қолмен басқарылады
Sputnik Қазақстан
Билік ұн бағасын тұрақтандыру үшін осындай шараға барды 23.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-23T21:14+0500
2023-10-23T21:14+0500
2023-10-23T21:14+0500
нан
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_af7299cc594e80972bc837214c208d8e.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Үкімет арзандатылған және импорттық астықты жеткізуді қолмен басқарады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Ұн бағасының өсу трендін тоқтату бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп түсіндірді ведомство.2023 жылғы 20 қазанда арзандатылған астықты жеткізуге арналған меморандумдарға 16 өңір қол қойған, 12 өңір астық пен ұнды жеткізуді жүзеге асыруда."Азық-түлік корпорациясымен меморандумға қол қойған 16 өңірдің ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әлі күнге дейін ұн тартатын операторды анықтамады, жеткізу шартына қол қойған жоқ, сондай-ақ төлем жасамады. Алматы және Атырау облыстары да төлем жасамаған, соның салдарынан ұн тартатын кәсіпорындарға астық жеткізу кешіктірілуде", — деді СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.Айта кетері, Азық-түлік корпорациясының резервінен бөлінген арзандатылған астық әлеуметтік нан дайындау және оның тұрақты бағамен сатылуын қамтамасыз ету үшін бөлінген.ҚТЖ деректері бойынша ұн тартатын кәсіпорындар 2023 жылғы қазан айына 274 мың тонна астық әкелуге өтініш берген, бірақ 20 қазандағы жағдай бойынша тек 57 мың тонна ғана келген. Мұның негізгі себебі – ұн тартатын кәсіпорындардың астық үшін төлемдерді кешіктіруі. Қыркүйек айында 107 мың тонна импорттық бидай әкелінген."Ресейлік бидай қазақстандық кәсіпорындарға ұн мен макарон өнімдерін өндіру үшін қажет. Өңірлердегі әрбір ұн тартушымен жеткізу кезінде туындайтын қиындықтарды шешу үшін мемлекеттік органдар мен ұлттық теміржол операторы әлеуметтік өнімдерді кәсіпорындарға жеткізу схемасын күн сайын егжей-тегжейлі пысықтайды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Жұманғарин отырысты қорытындылай келе, келесі кездесуге дейін халық астық пен ұнды жеткізуді қолмен басқару режимінің нәтижесін көруі керектігін атап өтті.
https://sputnik.kz/20231019/aleumettik-nan-qymbattamaydy--vitse-ministr-39491969.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_aaa6ea1b841524fc2c0c17abdcb8cf68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нан, астық
Ұн тартатын операторларға арзандатылған астықты жеткізу қолмен басқарылады
Билік ұн бағасын тұрақтандыру үшін осындай шараға барды
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Үкімет арзандатылған және импорттық астықты жеткізуді қолмен басқарады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ұн бағасының өсу трендін тоқтату бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп түсіндірді ведомство.
"Өңірлердегі әкімдіктер осындай жұмысты өсу динамикасын көрсетіп жатқан әлеуметтік өнімдерді өндірушілермен және жеткізушілермен күн сайын қолмен атқару режимінде жүргізіп отыруы керек", - деді премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үкіметтегі отырыста.
2023 жылғы 20 қазанда арзандатылған астықты жеткізуге арналған меморандумдарға 16 өңір қол қойған, 12 өңір астық пен ұнды жеткізуді жүзеге асыруда.
"Азық-түлік корпорациясымен меморандумға қол қойған 16 өңірдің ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әлі күнге дейін ұн тартатын операторды анықтамады, жеткізу шартына қол қойған жоқ, сондай-ақ төлем жасамады. Алматы және Атырау облыстары да төлем жасамаған, соның салдарынан ұн тартатын кәсіпорындарға астық жеткізу кешіктірілуде", — деді СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.
Айта кетері, Азық-түлік корпорациясының резервінен бөлінген арзандатылған астық әлеуметтік нан дайындау және оның тұрақты бағамен сатылуын қамтамасыз ету үшін бөлінген.
ҚТЖ деректері бойынша ұн тартатын кәсіпорындар 2023 жылғы қазан айына 274 мың тонна астық әкелуге өтініш берген, бірақ 20 қазандағы жағдай бойынша тек 57 мың тонна ғана келген. Мұның негізгі себебі – ұн тартатын кәсіпорындардың астық үшін төлемдерді кешіктіруі. Қыркүйек айында 107 мың тонна импорттық бидай әкелінген.
"Ресейлік бидай қазақстандық кәсіпорындарға ұн мен макарон өнімдерін өндіру үшін қажет. Өңірлердегі әрбір ұн тартушымен жеткізу кезінде туындайтын қиындықтарды шешу үшін мемлекеттік органдар мен ұлттық теміржол операторы әлеуметтік өнімдерді кәсіпорындарға жеткізу схемасын күн сайын егжей-тегжейлі пысықтайды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жұманғарин отырысты қорытындылай келе, келесі кездесуге дейін халық астық пен ұнды жеткізуді қолмен басқару режимінің нәтижесін көруі керектігін атап өтті.