https://sputnik.kz/20231023/toqaev-meditsinalyq-sanitariyalyq-algashqy-komek-koalitsiyasyn-qurudy-usyndy-39570448.html
Тоқаев медициналық-санитариялық алғашқы көмек коалициясын құруды ұсынды
Тоқаев медициналық-санитариялық алғашқы көмек коалициясын құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Бірлестік медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөнінде бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді 23.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-23T10:49+0500
2023-10-23T10:49+0500
2023-10-23T10:49+0500
денсаулық
қасым-жомарт тоқаев
денсаулық сақтау
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39570554_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_49ec735da8635464a30277dfd660df91.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл және Астана декларациясына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.Мемлекет басшысы еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға арнайы тоқталды.Сонымен қатар, оның айтуынша, телемедицина және қашықтан мониторинг жасау сияқты цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды. Айтуынша, бұл бірлестік денсаулық сақтау және аурудың алдын алу қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.Президент медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету саласын, жалпы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуда жастарға зор сенім артатынын атап өтті. Тоқаев жастармен кездескен сайын спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы айтатынын еске салып, оларды еңбекқор және мақсаттарына адал болуға шақырды.
https://sputnik.kz/20231022/ddsu-basshysy-astanaga-kelip-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady-39564148.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39570554_77:0:1222:859_1920x0_80_0_0_b12d730436a3036aa639116fbdcc50b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, денсаулық сақтау
қасым-жомарт тоқаев, денсаулық сақтау
Тоқаев медициналық-санитариялық алғашқы көмек коалициясын құруды ұсынды
Бірлестік медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөнінде бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл және Астана декларациясына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жаһандық конференцияның пленарлық отырысына қатысты.
Мемлекет басшысы еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға арнайы тоқталды.
"Елімізде барлық баланы профилактикалық медициналық тексеруден өткізу ісі жолға қойылған. Әрбір ірі елді мекенде жастардың денсаулық орталықтары жұмыс істейді деуге болады. Жыл сайын үш миллионға жуық ересек адам скрининг және кәсіби тексеру бағдарламасынан өтеді. Ауыл тұрғындарының медициналық қызмет алуына бірдей мүмкіндік жасау үшін біз бірқатар реформа жүргіздік. Нәтижесінде 2018 жылдан бастап ауылдардағы алғашқы көмек көрсету пункттерінің саны 3 еседен астам көбейді", - деді президент.
Сонымен қатар, оның айтуынша, телемедицина және қашықтан мониторинг жасау сияқты цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатыр. Бұл алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.
Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды. Айтуынша, бұл бірлестік денсаулық сақтау және аурудың алдын алу қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Президент медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету саласын, жалпы денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуда жастарға зор сенім артатынын атап өтті. Тоқаев жастармен кездескен сайын спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы айтатынын еске салып, оларды еңбекқор және мақсаттарына адал болуға шақырды.