Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады

© Photo : Пресс-служба министерства здравоохранения КазахстанаТедрос Гебрейесус пен Ажар Ғиният. Архивтегі фото
Тедрос Гебрейесус пен Ажар Ғиният. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Жазылу
Тедрос Гебрейесус қазақстандықтарды жаман әдеттерден арылуға, алкоголь мен темекі шегуге қарсы тұруға, физикалық белсенді болуға шақырды
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус Астанаға келді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) бойынша жаһандық конференцияға қатысып жатыр.
Бүгін елордадағы Ботаникалық бақта "Сөзден іске/ Walk the talk/ От слов к делу" ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру дәстүрлі акциясы өтті.
Жарысқа қатысу үшін 800-ден астам адам тіркелді, олардың ішінде бірінші қатарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, елордалық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, Астана медицина университетінің студенттері, әртүрлі спорт түрлерінен Олимпиада чемпиондары және белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен шұғылданатын қала тұрғындары бар.
Доктор Тедрос Гебрейесус жарысқа қатысушыларды құттықтап, МСАК-тың адамдардың денсаулығын жақсартудағы ерекше рөлін атап өтті.
"2018 жылы біз осындай іс-шара өткіздік, Алматы декларациясының 40 жылдығын атап өттік және осы жерде мен осы саябақта сөз сөйледім, ағаштардың өскенін көргеніме өте қуаныштымын! Астана декларациясын қолдаудың, ілгерілетудің арқасында соңғы 5 жылда медициналық-санитариялық алғашқы көмек те өзінің дамуы мен нығаюына ие болды. Біздің осында болуымыздың мақсаты біреу – бұл марафонның мақсаты – сөзден іске, бір жалғыз мақсат - барлығына денсаулық сақтауды ілгерілету, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету", - деді доктор Гебрейесус Ботаникалық бақта жарыс басталар алдында сөйлеген сөзінде.
ДДҰ басшысы барлық қазақстандықтарды жаман әдеттерден арылуға, алкоголь мен темекі шегуге қарсы тұруға, физикалық белсенді болуға шақырды.
Сауықтыру акциясына қатысушылар үшін медициналық шатырлар орнатылып, жедел диагностикадан өтіп, қан қысымын өлшей алады.
Жаңалықтар
0