Павлодарда автобус жолақысы 200 теңгеге дейін көтеріледі

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Жазылу
Қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы екі есеге өседі
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Павлодар қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 200 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Әкімдіктің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы екі есеге өседі.
"Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен бағажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф - жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда қолма-қол ақшасыз төлем үшін – 100 (жүз) теңге, ал жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда – 200 (екі жүз) теңге болып белгіленсін", - делінген құжатта.
Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2 қарашаға дейін белгіленіп отыр. Ал қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл көшесіндегі жаңа автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2023
Петропавлда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады
Жаңалықтар
0