https://sputnik.kz/20230926/petropavlda-qogamdyq-koliktin-zholaqysy-qymbattady-38785719.html
Петропавлда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады
Петропавлда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Қолма-қол ақшасыз төлем қолма-қолға қарағанда 70 теңгеге төмен болады 26.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-26T21:49+0500
2023-09-26T21:49+0500
2023-09-27T07:34+0500
петропавл
тарифтер
қоғамдық көлік
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25849901_0:69:3136:1833_1920x0_80_0_0_4e578180edbc1cbc923589d359c8353d.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Егер осы уақытқа дейін автобустарда жол жүру құны қолма-қол ақшасыз 80 теңге, қолма-қол төлем үшін 130 теңге болса, қазір сәйкесінше 100 теңге және 170 теңге. Балалар тарифі: қолма-қол ақшасыз – 50 теңге, қолма-қол төлем – 85 теңге.Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров бұған дейін хабарлағандай, тарифті көтеру жұмыстары 2022 жылдың қараша айынан бастап жүргізілген.Әкімнің орынбасары сондай-ақ тарифті көтеруден түсетін қаражат тасымалдаушылардың шығынсыз жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз екенін баса айтты. Сондықтан қала билігі тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауды жалғастырады. 2022 жылы субсидиялауға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінсе, биыл 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жоспарланған.Петропавлда күн сайын 185-ке жуық автобус жолға шығады, 18 әлеуметтік маңызы бар бағыт бекітілген. Орта есеппен күніне 65-75 мың адам қоғамдық көлікпен жүреді. Соңғы жылдары автопарк 58 пайызға жаңартылды, биыл 11 жаңа автобус сатып алынды.
https://sputnik.kz/20230810/almaty-akimdigi-avtobustar-ziratyna-qatysty-tusinikteme-berdi-37480240.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25849901_565:0:3136:1928_1920x0_80_0_0_385391b9197970648173f0c7f777755e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, тарифтер, қоғамдық көлік
петропавл, тарифтер, қоғамдық көлік
Петропавлда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады
21:49 26.09.2023 (жаңартылды: 07:34 27.09.2023) Қолма-қол ақшасыз төлем қолма-қолға қарағанда 70 теңгеге төмен болады
ПЕТРОПАВЛ, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Егер осы уақытқа дейін автобустарда жол жүру құны қолма-қол ақшасыз 80 теңге, қолма-қол төлем үшін 130 теңге болса, қазір сәйкесінше 100 теңге және 170 теңге. Балалар тарифі: қолма-қол ақшасыз – 50 теңге, қолма-қол төлем – 85 теңге.
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров бұған дейін хабарлағандай, тарифті көтеру жұмыстары 2022 жылдың қараша айынан бастап жүргізілген.
"Тариф соңғы рет 2017 жылы көтерілген. Осы уақыт ішінде инфляция өсті, жүргізушілердің жалақысы көтерілді, басқа да үстеме шығындар артты. Сонымен қатар жанар-жағармай қымбаттады. Дизель отыны 124 теңге еді, қазір 290теңге. Қыста 400 теңгеден асып, 600 теңгеге дейін барады. Осы факторлардың барлығы әсер етеді", - деді Әділбек Әубәкіров.
Әкімнің орынбасары сондай-ақ тарифті көтеруден түсетін қаражат тасымалдаушылардың шығынсыз жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз екенін баса айтты. Сондықтан қала билігі тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауды жалғастырады. 2022 жылы субсидиялауға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінсе, биыл 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жоспарланған.
Петропавлда күн сайын 185-ке жуық автобус жолға шығады, 18 әлеуметтік маңызы бар бағыт бекітілген. Орта есеппен күніне 65-75 мың адам қоғамдық көлікпен жүреді. Соңғы жылдары автопарк 58 пайызға жаңартылды, биыл 11 жаңа автобус сатып алынды.