https://sputnik.kz/20230810/almaty-akimdigi-avtobustar-ziratyna-qatysty-tusinikteme-berdi-37480240.html
Алматы әкімдігі "автобустар зиратына" қатысты түсініктеме берді
Алматы әкімдігі "автобустар зиратына" қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматы әкімдігі автотұраққа қойылған автобустарға қатысты түсініктеме берді. 10.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-10T07:55+0500
2023-08-10T07:55+0500
2023-08-10T07:55+0500
қоғамдық көлік
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37472961_0:624:1080:1232_1920x0_80_0_0_96ce6dd1170d5d62e766e5c2ea378fcd.jpg
АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматы әкімдігі автотұраққа қойылған автобустарға қатысты түсініктеме берді.Қала мәслихатының кезектен тыс VII сессиясында депутат Тимур Елеусізов "автобустар зираты" туралы мәселені көтерді."Біз ұзақ жылдардан бері жолаушылар тасымалын субсидиялау бойынша әкімдікке қолдау білдіріп келеміз, өйткені олардың шығыны көп. Биыл біз 600 автобус пен 100 троллейбус алуға ақша бөліп жатырмыз", - деп атап өтті депутат.Оның айтуынша, әлеуметтік желіде қаладағы "автобустар зиратына" қатысты мәселе жиі сөз болады.Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев автотұрақта 823 автобус бар екенін, оның 651 бірлігін бұрын сенімгерлік басқару негізінде Green Bus ЖШС пайдаланғанын айтты."Бұл автобустар 2010-2013 жылдары шығарылған. Қазіргі уақытта олар тозғандықтан қалпына келтіруге келмейді. Ал қалған 157 автобусты Алматы облысының балансына бердік", - деді Сағындық Телібаев.Тағы 15 автобустың мәселесі шешіліп жатыр. Олар 18 метрлік ЛиАЗ автобустары. Бұл қоғамдық көліктерге қосалқы бөлшектер сатып алынып, жөнделеді дейді билік.Сонымен қатар Алматы мәслихатының отырысында қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жаңа тариф бекітілді. Көптеген қала тұрғыны үшін жол жүру құны 20 теңгеге артады. Енді жол жүру ақысы 100 теңгені, ал қолма-қол ақшамен 200 теңгені құрайды. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әміриннің айтуынша, бұрынғы тариф 11 жылдан бері өзгерген жоқ. Әкімдік тасымалдаушыларға төлеген субсидиялар инфляцияға, отын мен шығын материалдарының қымбаттауына байланысты жыл сайын 10-30%-ға өсті. Жыл сайын тасымалдаушылар жаңа техника сатып алады, мысалы, биыл коммуналдық автопаркпен 600 автобус пен 100 троллейбус алу туралы шарт жасалған.Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде қоқысқа айналған автобустар туралы ақпарат жариялады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37472961_0:523:1080:1333_1920x0_80_0_0_c917b5c58ea693dc43f78e4df840fd7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоғамдық көлік
АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Алматы әкімдігі автотұраққа қойылған автобустарға қатысты түсініктеме берді.
Қала мәслихатының кезектен тыс VII сессиясында депутат Тимур Елеусізов "автобустар зираты" туралы мәселені көтерді.
"Біз ұзақ жылдардан бері жолаушылар тасымалын субсидиялау бойынша әкімдікке қолдау білдіріп келеміз, өйткені олардың шығыны көп. Биыл біз 600 автобус пен 100 троллейбус алуға ақша бөліп жатырмыз", - деп атап өтті депутат.
Оның айтуынша, әлеуметтік желіде қаладағы "автобустар зиратына" қатысты мәселе жиі сөз болады.
"Неліктен 600 автобус жұмыс істемейді және тұрақта тұр – неге қосалқы бөлшектер сатып алынып, әрі қарай пайдаланылмайды?" депутат сұрады.
Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев автотұрақта 823 автобус бар екенін, оның 651 бірлігін бұрын сенімгерлік басқару негізінде Green Bus ЖШС пайдаланғанын айтты.
"Бұл автобустар 2010-2013 жылдары шығарылған. Қазіргі уақытта олар тозғандықтан қалпына келтіруге келмейді. Ал қалған 157 автобусты Алматы облысының балансына бердік", - деді Сағындық Телібаев.
Тағы 15 автобустың мәселесі шешіліп жатыр. Олар 18 метрлік ЛиАЗ автобустары. Бұл қоғамдық көліктерге қосалқы бөлшектер сатып алынып, жөнделеді дейді билік.
Сонымен қатар Алматы мәслихатының отырысында қоғамдық көлікте жол жүруге арналған жаңа тариф бекітілді. Көптеген қала тұрғыны үшін жол жүру құны 20 теңгеге артады. Енді жол жүру ақысы 100 теңгені, ал қолма-қол ақшамен 200 теңгені құрайды. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әміриннің айтуынша, бұрынғы тариф 11 жылдан бері өзгерген жоқ. Әкімдік тасымалдаушыларға төлеген субсидиялар инфляцияға, отын мен шығын материалдарының қымбаттауына байланысты жыл сайын 10-30%-ға өсті. Жыл сайын тасымалдаушылар жаңа техника сатып алады, мысалы, биыл коммуналдық автопаркпен 600 автобус пен 100 троллейбус алу туралы шарт жасалған.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде қоқысқа айналған автобустар туралы ақпарат жариялады.