Дерекқор

Жеке деректер тарап кеткен жағдайда не істеу керек

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2023
Жазылу
Қазақстанда дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін 10-нан 1000 АЕК-ке (3 450 – 3 450 000 теңгеге) дейінгі айыппұл қарастырылған
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректер тарап кеткен жағдайда арыз түсіру тәртібін жариялады, деп хабарлайды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеке деректер тарап кеткен жағдайдың жағымсыз салдарының алдын алу үшін ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жазбаша немесе e-Otinish арқылы хабарласу қажет. Соның негізінде әкімшілік іс қозғалады. Бірақ анонимді және жеткілікті деректері жоқ өтініштер қаралмайды.
Өтініш беру үшін құқықбұзушылық фактісін растайтын материалдарды да ұсыну қажет. Тәртібі:
өтініш берушінің аты-жөні, байланыстары;
құқықбұзушылыққа жол берілген жағдайдың сипаттамасы;
құқықбұзушылықты жасау кезеңі мен мерзімдері;
құқықбұзушылық фактісін растайтын сенімді материалдар;
құқықбұзушылыққа жол берген тұлға/ұйымның атауы.
Осыдан кейін ішкі істер органдары әкімшілік іс қозғап, кінәлі адамды жауапқа тартады. Қазақстанда дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін 10-нан 1000 АЕК-ке (3 450 – 3 450 000 теңгеге) дейінгі айыппұл қарастырылған.
"Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңын және заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ("әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 79 және 641-баптары), сондай-ақ жеке өмірге және заңға қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабы) көзделген", - дейді комитет мамандары.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жеке деректері таралып кеткен қазақстандықтарға SMS-хабарлама жолданады
Жаңалықтар
0