Жеке деректері таралып кеткен қазақстандықтарға SMS-хабарлама жолданады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Жазылу
Ақпараттық жүйенің осалдығын анықтайтын "ақ хакерлер" институты пайда болады
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң жобасына депутаттар бастамашы болған.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң жобасы ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді қорғаудың құқықтық базасын қалыптастыруға арналған жұмыстың жалғасы. Заң жобасы үш блоктан тұрады.
Бірінші блок жеке деректерді қорғаудың қосымша шараларына арналған.
"Заң жобасында дербес деректердің айналымы және сақталуы саласында мемлекеттік бақылау енгізіледі. Заң жобасының нормасы операторлармен профилактикалық жұмысты да жолға қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң жобасына сәйкес әрбір оператор реттеушіге дербес деректердің таралып кеткені туралы хабарлауға тиіс. Ақпараттың тарап кеткені анықталған сәттен бастап үш күн ішінде хабар берілуі керек", - деді Смышляева мәжілістің жалпы отырысында.
Жеке деректері таралып кеткен азаматтарға "электронды үкімет" порталы және 1414 арқылы хабар беріледі.
Заң жобасының екінші блогы "ақ хакерлер" институтын және бак-баунти платформасының қазақстандық аналогы жұмысын құқықтық реттеуге арналған. Депутаттың айтуынша, бұл шара ақпараттық жүйе зерттеушілерін ақпараттық жүйе қателіктері мен осалдықтарын анықтауға тартуға ықпал етеді.
"Басқарылатын хакерлік бұзу тапсырыс иелерінен келеді, қатынастар арнайы платформалар арқылы ресми түрде жасалады. Барлық жұмыс заң аясында жүргізіледі. Әлемде мұндай платформалар ақпараттық қауіпсіздік бойынша үздік мамандарды тартады",- деп түсіндірді Смышляева.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріне ғана қызмет көрсететін мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру ұсынылып отыр.
Бүгінгі таңда 350-ге жуық мемлекеттік ақпараттандыру нысаны жұмыс істейді. Орталық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі жанында жұмыс істейтін болады.
Бұдан басқа, мемлекеттік техникалық қызмет базасында бағдарламалық қамтамасыз етудің бастапқы кодтары репозиторийі құрылады. Онда электронды үкіметтің бағдарламалық өнімдерінің бастапқы кодтары сақталады. Бұл олардың нұсқаларын басқаруды қамтамасыз етеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2023
Қоғам
Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін
Жаңалықтар
0