https://sputnik.kz/20230905/khakerlerdin-zhana-aylasy-qazaqstandyqtardyn-zheke-derekteri-urlanuy-mumkin-38189749.html
Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін
Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Хакерлер жалған NCALayer интернет-ресурсын ойлап тапқан, оны ашқан кезде компьютерге зиянды бағдарлама орнатылады 05.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-05T12:17+0500
2023-09-05T12:17+0500
2023-09-05T12:17+0500
қоғам
хакерлік шабуыл
https://sputnik.kz/img/322/99/3229995_0:178:3009:1870_1920x0_80_0_0_b74ce9362e2404fe91817e4a9e36dac8.jpg
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ қазақстандықтарға хакерлердің жаңа айласы туралы ескертті.Бүгінде мемлекеттік қызметті алуға өтінімге қол қою үшін NCALayer қосымшасы қолданылады.Мемлекеттік техникалық қызмет осы бағдарламаның фишингтік hxxps://ncalayer.info/update.php интернет-ресурсын анықтаған. Сілтемені ашқан кезде NCALayer-ді жаңарту үшін "Trojan Downloader" зиянды бағдарламасы жүктеліп, іске қосылады."Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мұндай бағдарламаларды жүктемеуге, орнатпауға және күдікті сілтемелерге өтпеуді сұрады."Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға қауіп төндіруі мүмкін", - деп ескертті олар.KZ-CERT домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат жолдады.МТҚ атап өткендей, электронды цифрлық қолтаңба үшін қажет NCALayer бағдарламасын мына ресми интернет-ресурстен https://ncl.pki.gov.kz/kz/ орнатып алуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/322/99/3229995_138:0:2869:2048_1920x0_80_0_0_42a98d9ceaf3406615d4499210db4393.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хакерлік шабуыл
Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін
Хакерлер жалған NCALayer интернет-ресурсын ойлап тапқан, оны ашқан кезде компьютерге зиянды бағдарлама орнатылады
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ қазақстандықтарға хакерлердің жаңа айласы туралы ескертті.
Бүгінде мемлекеттік қызметті алуға өтінімге қол қою үшін NCALayer қосымшасы қолданылады.
Мемлекеттік техникалық қызмет осы бағдарламаның фишингтік hxxps://ncalayer.info/update.php интернет-ресурсын анықтаған. Сілтемені ашқан кезде NCALayer-ді жаңарту үшін "Trojan Downloader" зиянды бағдарламасы жүктеліп, іске қосылады.
"Салдарынан қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты оқуға, парольдерді, соның ішінде браузерлерден ақпарат алуға, сондай-ақ үшінші тарап қолданбаларын орнатуға мүмкіндік алады", - деп мәлімдеді МТҚ.
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мұндай бағдарламаларды жүктемеуге, орнатпауға және күдікті сілтемелерге өтпеуді сұрады.
"Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға қауіп төндіруі мүмкін", - деп ескертті олар.
KZ-CERT домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат жолдады.
МТҚ атап өткендей, электронды цифрлық қолтаңба үшін қажет NCALayer бағдарламасын мына ресми интернет-ресурстен https://ncl.pki.gov.kz/kz/ орнатып алуға болады.